ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Балабиев Қайрат Рахымұлы Ордабасы ауданына жұмыс сапарымен келді. Халық қалаулысы сапар аясында бірнеше нысандарды аралап, тұрғындармен кездесіп, 2024 жылы жасаған жұмыстарымен таныстырып, алда атқарылар ілкімді істерді мәлімдеп, ауданда салынып жатқан құрылыс нысандарын аралап, ауданның зиялы қауым өкілдерімен кездесті.
Қайрат Балабиев жұмыс сапарын Бадам ауыл округі, Ақбұлақ ауылында салынып жатқан 300 орындық «Жайлы мектеп» құрылысын аралаудан бастады. Нысанды аралау барысында құрылыс жұмысының сапалы жүргізілуі және мерзімінде аяқтау қажеттілігі айтылды.
Халық қалаулысы Қайрат Балабиев аудан орталығы Темірландағы жаңадан ашылып пайдалануға берілген спорт кешенімен салынып жатқан тұрғын үй құрылысымен танысты. Одан соң ЖК «Қанапия» балық шаруашылығын көріп шықты.
Мәжіліс депутатының сапары Темірлан ауылы «Жастар орталығында» ауданның ардагерлері және зиялы қауым өкілдерімен жалғасты. Қайрат Рахымұлы атқарған жұмыстарын баяндай келе 2025 жылы Ордабасы ауданы Темірлан ауылынан «Өнер мектебі, Дене шынықтыру суықтыру кешені мен теннис корты және Шұбар елді мекендеріне спорт кешені салынуына тікелей ықпал жасағанын жеткізді және халық қалаулысы барлық айтылған мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдармен тығыз жұмыс жасап, депутаттық сауал жолдап, шешу жолдарын барынша қарастыратындығын жеткізді.
Ордабасылықтар Мәжіліс депутатының қолдауымен күрмеуі қиын істер шешілетініне сеніммен қарайды.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Comments