Атом электр станциялары (АЭС) еліміздің энергетикалық әлеуетін арттырудың маңызды қадамдарының бірі болып саналады. Әлемнің дамушы елдерінде АЭС тұрақты және тиімді жұмыс істеп, оларды энергияның сенімді көзі ретінде пайдаланып келеді. Қазақстан үшін де осындай технологияларды қолдану уақыты жетті. АЭС салуда ең басты назар қауіпсіздікке аударылуы қажет. Мұндай жобаларды жүзеге асыруды құрылыс сапасы мен технологиялық стандарттарға сәйкес әлемнің жетекші елдерімен бірге атқару маңызды, себебі АЭС құрылысы сапасыздықты кешірмейді. Қазақстанда салынатын атом электр станцияларында МАГАТЭ талаптарына сай келетін III және III+ буын реакторлары қолданылатын болады, бұл өз кезегінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Ең бастысы – атмосфераға СО2 шығарындыларының таралмауы және табиғатқа зиян келтірмеу. Барлық талаптар сақталса, АЭС салу еліміз үшін оң қадам болары сөзсіз.
Ермекбай Сәтенов,
Облыстық Ассамблея жанынан құрылған «Ақсақалдар кеңесінің» Ордабасы аудандық филиалының төрағасы.
Comments