Басты ақпарат

АТОМ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫН САЛУ — ЕЛІМІЗ ҮШІН МАҢЫЗДЫ

0

Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдум 6 қазанда өтеді. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйекте халыққа жолдауында айтты.
Еліміздің экономикалық дамуы, қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылық пен халықтың әл-ауқатының артуы энергетика саласына негізделген. Өткен жылы электр қуатын тұтыну кейінгі жылдардағы көрсеткіштен 6 есе асыпты. Мамандар болашақта электр энергиясына деген тапшылық арта түсетінін, одан шығудын бірден-бір балама жолы атом энергетикасының әлеуетін қолдану екенін алға тартып жатыр. Бүгінгі таңда энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде аталған саланы дамыту күн тәртібіндегі мемлекеттің басты міндеттерінің біріне айналып отырғаны бар.

АЭС салу жай мақсат емес, бұл көміртегі бей­та­раптығы бойынша өзінің халық­ара­лық міндеттемелерін орындайтын, экономикалық және әлеуметтік мәсе­ле­лерін қамтитын елдің прагма­ти­ка­лық шешім.
Болашақта электр энергиясына сұраныс артатын болса, атом электр стансасын салуды экономикалық қа­жет­тілік деп түсінген дұрыс секілді..
Атом электр стансаларында өндірі­ле­тін энергия салыстырмалы түрде арзан. Оны салуға кететін шығын көп, бірақ пайдалану шығыны аз. Бағасы болжамды, ал уран бағасы мұнай, газ немесе көмір бағасы сияқты өзгермейді. Бірақ атом энергетикасының ең маңызды артық­шылығы – электр энергиясын өн­діру­дің сенімділігінде. Бұл желге, күнге немесе сырттағы температураға қа­ра­мас­тан тәулігіне 24 сағат, аптасына жеті күн үздіксіз электр қуатын өндіреді.
Мемлекет басшысы қазір әлемде энергия тапшылығы күшейіп барады, Қазақстанға сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет деді. Президент атом энергетикасын дамытуға баса мән беру керек екенін алға тартты.
— Күн өткен сайын экономикамызға мол энергия қажет болып жатыр. Мұндай сұранысты атом энергетикасы қамтамасыз ете алады. Қазір дамыған және дамушы 30 мемлекетте 200-ге жуық атом электр станциясы жұмыс істеп тұр»,-деді Президентіміз.

Ахметов Тазабек Үмбетұлы,

аудандық Түрік этно мәдени орталығының төрағасы

ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУДЫҢ ШЕШІМІ

Алдыңғы

АЭС: ДӘЙЕК ПЕН ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ҚАТЕ ТҮСІНІКТЕР ТУРАЛЫ СТУДЕНТТЕРМЕН ПІКІР АЛМАСУ ӨТТІ

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *