Өткен жылы «AMANAT» партиясы Ордабасы аудандық филиалының бастамасымен және тікелей ұйымдастыруымен ауданымызда маңызды жобалар жүзеге асты.
Ауданда 3872 партия мүшесін біріктіретін 12 бастауыш партия ұйымы бар.
Қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 560 арыз-өтініш келіп түссе, оның 411-і, 73,4 пайызы – оң шешімін тапты. 149-на немесе 26,6 пайызына заң аясында кеңестер берілді.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлау науқаны кезінде қоғамдық қабылдау бөлмесіне сайлаушылардан келіп түскен мәслихат депутаттарының бақылауындағы 58 өтініштің 37-і, 64 пайызы орындалып, 21-не немесе 36 пайызына түсініктеме берілген.
Партиялық бақылау комиссиясының 7 отырысы өткізілді. Онда 11 мәселе қаралып, 8 ұсыныс берілді. Бүгінгі таңға 8-і орындалды.
Ауданымыздағы құры-лысы басталған 5 нысанға партиялық бақылау бекеттері орнатылған. Олар: Төрткүлдегі жаңа 300 орындық мектеп құрылысына, Қызылжардағы 300 орындық қосымша мектеп құрылысына, Шұбарсудағы 600 орындық мектеп құрылысына, жайлы мектеп құрылыс жұмыстары жаңадан басталған Ақбұлақ елді мекеніндегі 300 орындық мектеп құрылысы және Көлтоған ауылындағы Ерназаров атындағы жалпы орта мектептің күрделі жөндеуі. Аталған 5 нысан да 2024 жылға өтпелі. Аталған білім ошақтарының құрылыстарына аудандық партия филиалы тарапынан тұрақты түрде мониторинг жұмыстары жүргізілуде.
Ауданда «Ауыл аманаты» пилоттық жобасын іске асыру бағытында 4 ауыл округінен жалпы 359 жоба тапсырылып, оның 261 жобасы мақұлданды. Жалпы қаржыландырылғаны 261 жоба, берілген несие 1 721 640,0 мың теңге.
«AMANAT» партиясының «Халықпен бірге» атты Ордабасы ауданы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының Жол картасында 2023 жылға 48 іс-шара жоспарланған. 2023 жылға жоспарланған барлық тармақтар мен тиісті межелер мерзімінде әрі сапалы іске асырылғанын атап өткен жөн.
Аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының 5 отырысы өткізіліп, партияның сайлауалды бағдарламасы Жол картасының орындалуы бойынша жауапты 9 лауазымды тұлғаның есептері тыңдалып, тиісті шешімдер қабылданды. Сондай-ақ, фракция отырысында сайлауалды бағдарламаның орындалуы бойынша аудан әкімінің де есебі тыңдалды.
Ауданда партия филиалы “Halyk bankімен” бірге халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында оқу семинарларын өткізді. Нәтижесінде «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында ауданда 805 адам оқытылып, қолдарына сертификаттарын алды.
«Бақытты отбасы» жобасы аясында «Балаларды мектепке даярлайық» акциясы өткізіліп, 70-ке жуық балаға мектеп құралдары мен спорттық киімдер берілді.
«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында Ұлы Отан соғысы ардагері Мұратов Қалмен атаны Ұлы Жеңіс күнімен құттықтадық. Сонымен қатар 1-қазан халықаралық қарттар күні мерекесіне орай «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты тақырыпта бастауыш партия ұйымдарында іс-шаралар өткізіліп, қарттарға құрмет көрсетілді. Сондай-ақ, барлық бастауыш партия ұйымдарында сенбіліктер мен жалғызбасты қарттардың аулаларын тазалау жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
«Кедергісіз келешек» жобасы бойынша өткен жылы 10 нысанға зерделеу жұмыстары жүргізіліп, 8-і бейімдеуден өтті.
Ордабасы ауданы бойынша «AMANAT» партиясының фракция мүшелері жалпы 28 депутаттық сауал жолдаған. Оның 19-ы орындалып, қалған 9 сауал орындалу үстінде.
Қолға алынған жұмыстардың барлығы дерлік «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқанын, оған фракция депутаттарының да қолдау көрсетіп, атсалысқанын айта кеткен жөн.
Жалпы былтыр атқарылған жұмыстар аз емес, алда атқарылар жұмыстар одан да көп деуге болады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ел тұрмысын жақсартудағы тапсырмаларын орындау арқылы біз алдағы уақытта ауданымыздың жоспарлары мен мақсат-міндеттеріне орай аймақ дамуындағы өзекті мәселелерді бірлесе шешіп, Қазақстанның гүлденуіне үлес қосамыз деп сенеміз.
Әлиасқар БЕРДІМҰРАТ,
«AMANAT» партиясы Ордабасы аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты.
Comments