Экономика

«ДАМУ» ҚОРЫ ШЫМКЕНТТІК КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ТИІМДІ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДЕ

0

Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың ішінде ерекше орын алатын – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры («Бәйтерек» ҰБХ АҚ еншілес ұйымы). Қор бүгінде кәсіпкерлерге нақты әрі нәтижелі қолдау көрсетудің тиімді тетіктерін ұсынып отыр. Негізгі үш бағыт – жеңілдетілген несиелеу, несиеге кепілдік беру және пайыздық мөлшерлемені субсидиялау.

Соңғы жылдары қордың қызметі түбегейлі жаңарып, ішкі құрылымы оңтайландырылды. Бұрынғы қолдау құралдары сақталғанымен, олардың жұмыс істеу сапасы айтарлықтай артты. Бұл кәсіпкерлердің өтініштерін жылдам қарауға, қаржыландыруды кідіріссіз алуға мүмкіндік берді. Қор енді қысқа мерзімді емес, ұзақмерзімді және тұрақты даму саясатын ұстануда.

Биыл маусым айында іске қосылған «Өрлеу» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы – кәсіпкерлер үшін тиімді шешімдердің бірі. Бұған дейін кәсіпкерлер пайыздық мөлшерлемені субсидиялау рәсімдерін күтіп жүрсе, енді қаржыландыруды тікелей және жылдам ала алады. Бағдарлама бойынша несие жылдық 12,6 пайызбен, 10 жылға дейінгі мерзімге беріледі.

Шымкент қаласында осы бағдарлама аясында 2025 жылдың басынан бері 38 жоба қаржыландырылып, жалпы несие сомасы 24,6 млрд теңгеге жетті. Бұл – кәсіпкерлердің сенімін арттырып, өңірдегі бизнес белсенділікті күшейтудің айқын дәлелі.

 

Кәсіпкерлер үшін жиі кездесетін басты мәселенің бірі – кепілдік мүліктің жеткіліксіздігі. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында «Даму» қоры биыл екі жаңа кепілдік қорын іске қосты:

бірі – 7 млрд теңгеге дейінгі жобаларға, екіншісі – 7 млрд теңгеден жоғары жобаларға арналған.

 

Жаңа жүйе бойынша қор портфельдік кепілдік беру тетігін енгізді. Бұл әдіс кәсіпкерлердің уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді: енді кепілдік екі жұмыс күні ішінде рәсімделеді. Кепілдік көлемі несие сомасының 85 пайызына дейін, бірақ 3,5 млрд теңгеден аспайды.

Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша, Шымкент қаласында 90 жобаға кепілдік беріліп, жалпы сомасы 8,5 млрд теңгені құрады. Оның ішінде «Кепілдік қоры-1» бағдарламасы аясында 52 жоба, яғни 5,9 млрд теңге көлемінде қаржыландырылған. Қолдау тапқан жобалардың басым бөлігі өңдеу өнеркәсібі, көлік және қоймалау салаларына тиесілі.

 

Сонымен қатар, жыл басынан бері 154 жаңа жоба субсидиялау құралы арқылы қолдау тауып, жалпы несиелік портфель сомасы 26,7 млрд теңгені құрады.

     

– «Даму» қоры ұлттық даму институты ретінде еліміздің барлық өңірінде шағын және орта бизнестің тұрақты дамуына серпін беріп келеді. Бұл өз кезегінде айтарлықтай экономикалық әсерге ие. Мәселен, 2010–2024 жылдар аралығында Шымкент қаласында мемлекеттік қолдау алған 11,7 мың кәсіпкер 359,7 млрд теңге салық төлеп, мыңдаған жаңа жұмыс орындарын ашты», – деді «Даму» қорының бағдарламалық қаржыландыру департаментінің директоры Әлішер Аманшаев.

 

Баспасөз туры барысында журналистер мемлекеттік қолдау арқылы дамып келе жатқан бірқатар кәсіпорындардың жұмысымен танысты.

 

«Ак-Су Корпорациясы» ЖШС – 1999 жылдан бері құрылыс нарығында жұмыс істейтін ірі өндірістік компания. Металл бұйымдары мен құрылыс конструкцияларын шығарып, отандық нарықта сенімді серіктеске айналған. 2025 жылы компания «Даму» қорының «Бірыңғай» бағдарламасы аясында жабдықтарын жаңартып, өндірістік қуатын арттырды. Сондай-ақ, «Өрлеу» бағдарламасы арқылы айналым қаражатын толықтыруға жеңілдетілген несие алып, ісін кеңейтті.

 

«QMP Qazmedpribor» ЖШС – медициналық жабдықтар мен жиһаз өндіретін кәсіпорын. Компания «Даму» қорының қолдауымен «Өрлеу» бағдарламасы арқылы 12,6 пайызбен несие алып, өнім түрлерін көбейтті.

 

«Сауран» бөбекжай-бақшасы» ЖШС – 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған заманауи балабақша. Мекеме «Даму» қорының «Кепілдік қоры-1» бағдарламасы арқылы Банк ЦентрКредит-тен несие алып, ғимарат аумағын кеңейтіп, жаңа құрал-жабдықтар сатып алды. Нәтижесінде балаларды қабылдау мүмкіндігі артты, жаңа жұмыс орындары ашылды.

 

 

«Даму» қорының қолдау тетіктері – бұл тек қаржылық көмек емес, аймақтық экономиканы дамытудың маңызды факторы. Қор кәсіпкерлерге тұрақтылық пен сенімділік сыйлап, олардың бизнесін өркендетуге жол ашуда.

 

Шымкент кәсіпкерлері үшін бұл бастама – жаңа мүмкіндіктердің, жаңғырудың және бәсекеге қабілеттілікті арттырудың нақты кепілі.

ТҮРКІСТАН: ЖӘРМЕҢКЕГЕ 30 ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ ҚОЙЫЛДЫ

Алдыңғы

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *