Ақпарат ағыны

«БЖЗҚ өзекті сауалдарға жауап береді»

0
  1. Ағымдағы жылдың тамыз айында еңбек сіңірген жылдарым бойынша зейнетке шықтым. Менің зейнетақы жинақтарымды толық көлемде алуға мүмкіндігім бар екенін естідім. Рас па? Олай болса, мұны қалай іске асыруға болады және мен оларды қалай пайдалана аламын?

 

Иә, шынымен де солай. 2023 жылғы 1 шілдеден бастап зейнетке еңбек сіңірген жылдары бойынша шыққан отандастырмыз міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын пайдалануға құқылы және оларды тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және/немесе емделуге толық көлемде ала алады. Бірақ пайдалануға өтінім бермес бұрын БЖЗҚ-да жинақтардың бар-жоғын және алуға болатын сомасын нақтылау қажет. Одан кейін сіз уәкілетті операторларға хабарласуыңыз керек. Тұрғын үйге зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге пайдалану бойынша уәкілетті операторлар – «Отбасы банкі «тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (портал www.enpf-otbasy.kz), «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Altyn Bank» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ және «Банк Фридом Финанс Қазақстан»АҚ. Ал емделу бойынша тек «Отбасы банкі» уәкілетті оператор болып табылады.

 

 

  1. Жұбайым екеуміз зейнетақы жинағымызды инвестициялық компанияға аударғымыз келеді. Біз қанша соманы, қалай пайдалана аламыз? Депозиттердің сақталуына кепілдік бар ма?

Жинақтарды бір немесе бірнеше инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) аудару туралы шешім қабылдай отырып, салымшы Қордың www.enpf.kz  сайтындағы Жеке кабинет арқылы немесе кез келген бөлімшеге жеке жүгінген кезде беруге болатын өтінішпен БЖЗҚ-ға жүгінуі қажет. Барлық қажетті ақпарат пен қадамдық нұсқаулықты сайттағы ҚЫЗМЕТТЕР – ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҚТАРЫНЫҢ БІР БӨЛІГІН СЕНІМГЕРЛІК БАСҚАРУҒА АУДАРУ бөлімінен, сондай-ақ, Youtube-арнасындағы біздің бейненұсқаулықтан көруге болады.

Әлеуметтік Кодекс 2023 жылғы 1 шілдеде күшіне енген кезден бастап, зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқаратын компанияларға сенімгерлік басқаруға беру кезінде ең төменгі жеткіліктілік шегі ескерілмейтін болды. Салымшылар міндетті зейнетақы және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған жинақтардың 50% дейін аудара алады. Егер ерікті зейнетақы жинақтары болса, оларды толық көлемде беруге болады.

Қазіргі уақытта нарықта инвестициялық портфельдің бес менеджері жұмыс істейді. Олардың толық тізімімен www.enpf.kz сайтында танысуға болады.

Бұл реттеуші – Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің талаптарына сәйкес келетін компаниялар. Сондай-ақ, бұл компаниялар БЖЗҚ-мен және кастодиан банкпен сенімгерлік басқару туралы шарт жасасты. Басқарушы компанияны таңдағанда, оның тарихын, сондай-ақ, инвестициялық декларациясын, инвестициялық қызметке шолу, инвестициялау тәжірибесі мен нәтижелерін мұқият зерделеуге кеңес береміз.

           Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқаруындағы жинақтар бойынша ғана беріледі. Зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына аудару кезінде мемлекеттің кепілдігі басқарушы компанияның кепілдігімен ауыстырылады. Ол активтер кірістілігінің ең төменгі деңгейінен төмен емес кірісті қамтамасыз етуі керек. Бұл деңгей зейнетақы активтерін басқару нарығында жұмыс істейтін барлық ИПБ-ларға басқаруға берілген зейнетақы активтерінің орташа алынған кірістілігі негізінде есептеледі.

 

  1. Соңғы өзгерістерге сәйкес, БЖЗҚ зейнетақы активтерінен комиссиялық сыйақы мөлшерін азайтты. Бұл нені білдіреді?

2023 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің бағыттарының бірі – зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін одан әрі жетілдіру. Осыған байланысты бірқатар жаңалықтарды іске асыру көзделген.

Өзгерістер БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерінен комиссиялық сыйақысының шамасына да қатысты. Ол 01.07.2023 жылдан бастап айына 0,01-ден 0,008 пайызға дейін төмендеді. Бұл ретте ол республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 0,04 еселенген айлық есептік көрсеткіштің туындысы ретінде айқындалатын шамадан және тиісті күнтізбелік айдың 1-ші күніндегі жағдай бойынша БЖЗҚ-да ашылған міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша зейнетақы жинақтары бар салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының санынан аспауға тиіс.

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ комиссиялық сыйақысы бұрын 2021 жылы қайта қаралған болатын. Осы кезден бастап БЖЗҚ комиссиясы зейнетақы активтерінің 0,01% аспады. Сонымен қатар, 2021 жылдан бастап БЖЗҚ инвестициялық кірістен комиссиялық сыйақы алмайды. Оны тек зейнетақы активтерін басқарушылар ғана алады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ, инвестициялық табыстың 2% аспайды) және инвестициялық портфельді басқарушылар (инвестициялық табыстың 7,5% аспайды). Бұл ретте 2023 жылы инвестициялық табыстан ҚРҰБ комиссиялық сыйақысының шамасы 1,5%, ал 2022 жылы 1,8% болды.

Айта кетейік, БЖЗҚ құрылған кезде комиссиялық сыйақы мөлшері БЖЗҚ үшін инвестициялық кірістің 7,5% және зейнетақы активтерінен айына 0,025% аспауы тиіс екендігі заңнамалық тұрғыдан бекітілді. Бұл жеке ЖЗҚ-лар алып отырған шамадан екі есе аз. Сонымен қатар, БЖЗҚ ҚР ҰБ-пен бірлесіп жыл сайын комиссиялық сыйақыны төмендету және Қор шығындарын оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізді.  Мысалы, 2016-2017 жылдары зейнетақы активтерінен комиссия 0,0225%, 2018-2019 жылдары 0,015%, 2020 жылы 0,011% құрады.

Осылайша, БЖЗҚ қызметі кезінде зейнетақы активтерінен комиссиялық сыйақы 68% төмендетілді.

Алынған қаражат, ең алдымен, салымшылар мен алушыларға арналған сервистерді дамытуға, салымшылардың жеке деректері туралы ақпараттың сақталуын қамтамасыз етуге және Қор қызметінің басқа да бағыттарына жұмсалады. БЖЗҚ көрсететін барлық қызметтер ақы алынбай-ақ ұсынылады.

 

  1. Жерлеуге берілетін төлем сомасы көбейді деп естіген ем… Қазіргі сәтте оның мөлшері қандай екенін білуге бола ма?

Иә, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қабылданған Әлеуметтік кодекске сәйкес, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, оның отбасы мүшелеріне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген 94 еселенген айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері шегінде қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтары қаражаты есебінен жерлеуге біржолғы төлем жүргізіледі. Бірақ бұл сома қайтыс болған адамның жеке зейнетақы шотында (ЖЗШ) бар қаражаттан артық болмауы тиіс.

Егер қайтыс болған адамның ЖЗШ-дағы зейнетақы жинақтарының қалдығы жерлеуге арналған біржолғы төлем жүзеге асырылғаннан кейін АЕК мөлшерінен аспайтын соманы құраса, бұл қалдық қайтыс болған адамның отбасы мүшелеріне жерлеуге арналған төлем ретінде төленеді. Естеріңізге сала кетейік, бұрын жерлеуге арналған біржолғы төлемге өтінішті жерлеуді жүзеге асырған адамдар да бере алатын, ал төлем 52,4 еселенген АЕК-ке тең сома болатын.

БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, жинақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады. БЖЗҚ-ның жерлеуге, мұрагерлерге берілетін төлемді жүзеге асыру тәртібі, мерзімдері және қажетті құжаттар тізбесі туралы БЖЗҚ сайтынан толық біле аласыз.

 

  1. Менің әпкеме мүгедектік тағайындалған. Ол зейнет жасына толғанға дейін зейнетақы төлемдерін алуға құқылы ма?

 

БЖЗҚ өз салымшыларына (алушыларына):

міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және мерзімсіз белгіленген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі,

ерікті зейнетақы жарналары және тобы мен мерзіміне қарамастан мүгедектігі бар адамдар БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтары есебінен белгіленген кесте бойынша жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына толғанға дейін зейнетақы төлемдерін алуға құқылы екені туралы хабарлайды.

Салымшыға (алушыға) өзінің мәртебесін растайтын құжаттарды көрсетудің қажеті жоқ. БЖЗҚ салымшының (алушының) Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңына сәйкес берілетін келісімімен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі» ақпараттық жүйесінен мәліметтерді веб-сервис арқылы сұрау жолымен мүгедектіктің (тобы, белгіленген мерзімі) болуын дербес тексереді. Бұл әрекет Еңбек министрлігі, Мемлекеттік корпорация және БЖЗҚ арасында жасалған келісім шеңберінде «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» арқылы жүзеге асырылады.

Зейнетақы жинақтары төлеміне өтінішті БЖЗҚ-ға enpf.kz сайты, кеңсеге жеке жүгіну немесе сенім білдірген тұлға, сондай-ақ, пошта арқылы беруге болады.

Өтінішті enpf.kz сайты арқылы беру туралы толық нұсқаулықты осы жерден көруге болады.

БЖЗҚ-да мерзімсіз белгіленген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға Барып қызмет көрсету бөлімдері ұйымдастырылғанына назар аударғымыз келеді. Бұл ретте алдын-ала кеңес алу, оның ішінде қызметтерді қашықтықтан, ешқайда шықпай-ақ алу мүмкіндігіне тексеру  жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

«ЕНПФ отвечает на актуальные вопросы»

Алдыңғы

АО «ЕНПФ» исполнил порядка 1,9 миллиона заявлений на жилье и лечение

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *