Ақпарат ағыны

«БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»

0
  1. Зейнетақы жинағымның жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін алмау туралы шешім қабылдадым. Оны инфляция «жеп» қоймай ма? Менің қаржымды басқарудың қандай мүмкіндіктері бар?

 

Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі қаржылық тәуекелден барынша қорғалған. Қазір де Қазақстан – азаматтардың зейнетақы жинақтарының инфляциядан сақталуына мемлекет тарапынан кепілдік беретін әлемдегі жалғыз ел. Егер зейнетке шыққан кезде жинақтардың кірістілігі инфляциядан төмен болса, онда бұл айырма алушыға БЖЗҚ-дан алғашқы зейнетақы төлемін алған кезде республикалық бюджет есебінен толтырылады.

Әлеуметтік кодекстің қолданысқа енгізілуімен қатар, салымшыларға міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының 50% дейін инвестициялық портфельді (ИПБ) басқарушылардың сенімгерлік басқаруына аудару мүмкіндігі беріледі. Бұл ретте төменгі жеткіліктілік шегі ескерілмейді. Егер салымшы сақтандыру компаниясымен зейнетақы аннуитеті шартына отырған болса, онда ИПБ-ға міндетті зейнетақы жинақтары сомасының 100% дейін бере алады. Сондай-ақ, ИПБ-ға ерікті жинақтарын толық көлемде беруге болады. Осы жерде ескерте кететін бір жәйт, мемлекет зейнетақы жинақтарының міндетті түрлерінің сақталуына кепілдікті жинақтардың ҚР Ұлттық Банкінің басқаруындағы бөлігіне ғана береді. Ал жеке басқаруға берілетін зейнетақы жинақтарының сақталуына салымшы таңдаған компания жауапты болады. Зейнетақы активтерінің орташа алынған кірістілігі негізінде есептелетін кірістіліктің ең төменгі деңгейін қамтамасыз етуге дәл осы ИПБ-лар өз капиталы есебінен жауап береді.

Егер салымшы зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына аудару туралы шешім қабылдаса, ең алдымен, нарықтағы басқарушы компаниялардың өзекті тізбесімен танысуға кеңес береміз. Олардың БЖЗҚ сайтындағы инвестициялық декларацияларын, инвестициялық қызметтеріне жасалған шолуды зерделеп, таңдауы түсіп отырған компанияның тәжірибесімен және жұмыс нәтижелерімен толығырақ танысу қажет.

  1. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша зейнетақы төлемдерін мерзімінен бұрын алу шарттары туралы түсіндіріп беріңізші. Кәдімгі төлемдерден айырмашылығы неде? Бірлескен аннуитет дегеніміз не?

Қазақстандықтар зейнетақы төлемдерін дәстүрлі зейнет жасына толғанға дейін бірнеше жыл бұрын бұрын ресімдей алады. Ол үшін өмірді сақтандыру компаниясымен (ӨСК) зейнетақы аннуитеті шартын жасасу қажет. Бірақ мұндай шарт жасасу үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) салымшысында республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын белгілі бір сомадан төмен емес зейнетақы жинақтары болуы қажет.

Төлемдер арасындағы айырмашылық мынада: БЖЗҚ-дан берілетін төлемдер жинақ таусылғанға дейін, ал ӨСК-ден жасалатын төлемдер сомасы сақтандыруға берілген жинақтардың мөлшерінен асып кеткеніне қарамастан, өмір бойы жүргізіледі. Төлемдердің екі түрі де жыл сайын индекстеледі. Тағы бір айырмашылық – төлем алушы қайтыс болған жағдайда, оның туыстары БЖЗҚ-да сақталатын зейнетақы жинақтарын мұрагерлікке алуға құқылы. Ал ӨСК-ге берілген жинақты мұраға алу қарастырылмаған. Алайда  зейнетақы аннуитеті шартында кепілдік кезеңі болған жағдайда, ол аяқталғанға дейін сақтандыру төлемдерін қайтыс болған адамның мұрагері алатын болады.

Қаражат жетіспеген жағдайда жақын туыстардың зейнетақы жинақтарын біріктіріп, екі зейнетақы аннуитеті шартын ресімдеуге болады. Бірлескен аннуитет – бұл Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» кодексіне сәйкес ерлі-зайыптылар немесе жақын туыстар болып табылатын және бір мезгілде сақтандырылған екі сақтанушының (сақтандырылушының) зейнетақы аннуитеті шартына қатысуын білдіретін өнім. Біріккен зейнетақы аннуитетінің классикалық түрден айырмашылығы – зейнетақы жинақтарын біріктіруге және зейнетақы аннуитеті шарты бойынша түскен кірістерді қайта бөлуге мүмкіндік береді.

  1. Мен – кәсіпорын директорымын. Келесі жылдан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары енгізілетінін оқыдым. Осы туралы толығырақ ақпарат бере аласыз ба?

 

2023 жылғы 1 шілдеде күшіне енген ҚР Әлеуметтік кодексінде жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) енгізу мәселелерін реттейтін нормалар қамтылған.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап БЖЗҚ міндеттері жұмыс берушінің өз қаражаты есебінен және 1975 жылғы 1 қаңтардан кейін туған қызметкерлер үшін ғана жүзеге асырылатын ЖМЗЖ есебін жүргізумен толықтырылады. ЖМЗЖ шамасы әр қызметкердің ай сайынғы табысынан есептеледі: 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,5% мөлшерінде ұсталып, 2028 жылы 5% мөлшеріне жеткенге дейін жыл сайын ұлғайып отырады.

Әлеуметтік кодекске сәйкес, ЖМЗЖ-ны жұмыс берушілер барлық жұмысшылар үшін емес, тек 1975 жылы және одан кейін туғандар үшін төлейді. Сондықтан ЖМЗЖ есебінен төлемдерді 2038 жылы ғана зейнетке шығатын қызметкерлер ала бастайды.

ЖМЗЖ шамасы қызметкердің ЖМЗЖ есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табысынан белгіленеді:

  • 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 1,5 пайыз мөлшерінде;
  • 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 2,5 пайыз мөлшерінде;
  • 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 3,5 пайыз мөлшерінде;
  • 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 4,5 пайыз мөлшерінде;
  • 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 5 пайыз мөлшерінде.

Қызметкердің ЖМЗЖ есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табысы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының мөлшерінен кем болмауы және республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс.

ЖМЗЖ-ны кезең-кезеңімен енгізу, оларды тек 1975 жылы туған жұмыскерлер үшін төлеу, сондай-ақ, оларды салық салынатын кірістен шегерімдерге жатқызу жұмыс берушіге жүктемені жеңілдету үшін көзделген.

ЖМЗЖ-ны жұмыс берушілер (салық агенттері ретінде) БЖЗҚ-ға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы ЖМЗЖ аударылатын қызметкер — жеке тұлғалардың тізімдерін қоса бере отырып, төлейді.

  1. Зейнетақы жинақтарының жай-күйін тексеріп тұрған дұрыс па? Оны қалай істеуге болады? Түсіндіріп жіберіңізші…

БЖЗҚ өз салымшыларына (алушыларына) жеке зейнетақы шотындағы (бұдан әрі – ЖЗШ) өздерінің зейнетақы жинақтарының жай-күйін тұрақты негізде қадағалауға кеңес береді. Сонымен қатар, БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотыңызға зейнетақы жарналарының/БЗТ уақытылы аударылуын/түсуіне баса назар аударған жөн. Өкінішке орай, жұмыс беруші өз міндеттемелерін орындамайтын немесе толық орындамайтын жағдайлар да бар. Сондықтан өз ЖЗШ-дағы зейнетақы жинақтарыңыздың жай-күйін жүйелі түрде тексеру артық болмайды.

ЖЗШ-дан үзінді көшірме алу – салымшылардың (алушылардың) заңмен бекітілген құқығы.  Қазір жинақтар туралы ақпарат алудың ең ыңғайлы тәсілі – сайттағы немесе БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасындағы Жеке кабинет. Ақпарат алудың осы әдісін қолдану үшін Жеке кабинетте бір рет тіркелу қажет. Мұны БЖЗҚ дерекқорында тіркелген телефон нөміріне келетін SMS алу арқылы жасауға болады. Сондай-ақ, тіркелуді электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен немесе БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне бару арқылы іске асыруға болады.

Бұдан басқа, салымшылар мен алушылар жинақтар туралы ақпарат алудың бұрын таңдаған тәсілдерін қолдана алады: электрондық пошта арқылы БЖЗҚ-ға ұсынылған мекенжайға, тікелей БЖЗҚ кеңсесіне жүгінген кезде, пошта байланысы қызметтері арқылы.

Естеріңізге сала кетейік, салымшы (алушы) БЖЗҚ-ға өз міндеттемелерін орындауға әсер ететін барлық өзгерістер туралы 10 күнтізбелік күн ішінде хабарлауы қажет.

 

  1. Мен зейнетақы жинағымның жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін неше рет ала аламын?

 

Естеріңізге сала кетейік, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үйге және(немесе) емделуге пайдалану құқығына төмендегі азаматтар ие:

— белгілі бір жеткіліктілік шегінен асатын жинақтары бар салымшылар;

— зейнетақы төлемін алып жүрген зейнеткерлер – БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының қалған сомасының 50% аспайтын шекте, тек ол үшін олардың зейнетақысының жиынтық мөлшері (жасына немесе еңбек сіңірген жылдарына байланысты зейнетақыны, базалық зейнетақыны қоса алғанда) жоғалтқан табысын халықаралық стандарттарға сәйкес келетін деңгейде (кемінде 40%) алмастыруды қамтамасыз етсе;

— сақтандыру компанияларымен өмірлік аннуитеттік төлемдерді қамтамасыз ететін зейнетақы аннуитеті шарттарын жасасқан тұлғалар;

— еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлер – оларға МЗЖ есебінен қалыптастырылған өздерінің зейнетақы жинақтарының барлық сомасын пайдалануға құқық берілді.

Егер сіз осы санаттағы азаматтардың біріне жатсаңыз, зейнетақы жинақтарын шексіз рет пайдалана аласыз.

 

«БЖЗҚ» АҚ тұрғын үй және емделуге 1,9 миллионнан астам өтінішті орындады

Алдыңғы

Инвестиционные портфели пенсионных активов под управлением НБРК и УИП по состоянию на 1 декабря 2023 года

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *