Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі күшіне еніп, № 5211 Қағидалар қолданысқа енгізілумен қатар БЖЗҚ-дан белгіленген кесте бойынша зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібіне өзгерістер енгізілді.
2023 жылғы 1 шілдеден бастап төлемдер зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру сәтінде белгіленген тәртіппен жүргізілетіні заң жүзінде белгіленген.
Бұған дейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 02.10.2013 жылғы №1042 қаулысымен бекітілген зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру Әдістемесіне сәйкес ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері алушының өтініш берген күнгі зейнетақы жинақтарының сомасынан есептелген болатын.
Осылайша, № 521 Қағидалардың 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, егер БЖЗҚ-дан төлем жасауды жүзеге асыру күніне зейнетақы жинақтарының сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспаса, бұл сома алушыға БЖЗҚ-дан біржола төленеді.
Кесте бойынша төлем тәртібіндегі басқа тұстар өзгеріссіз қалды. Әлеуметтік Кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау төмендегідей жүргізіледі:
Бұл ретте әйелдердің жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау былайша жүргізіледі:
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін — 61 жасқа толғанда;
2028 жылғы 1 қаңтардан бастап — 61,5 жасқа толғанда;
2029 жылғы 1 қаңтардан бастап — 62 жасқа толғанда;
2030 жылғы 1 қаңтардан бастап — 62,5 жасқа толғанда;
2031 жылғы 1 қаңтардан бастап — 63 жасқа толғанда.
Бұдан басқа, зейнет жасына дейін кесте бойынша төлемдер мерзімсіз белгіленген 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар адамдарға төленеді.
_____________________
1Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30.06.2023 ж. №521 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары есебінен жүзеге асыру, оларды Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидалары
Бірінші жылдағы зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру күніне қалыптастырылған зейнетақы жинақтары сомасының зейнетақы жинақтары төлемдерінің 6,5 % мөлшерлемесіне көбейтіндісі ретінде есептеледі. Содан кейін алынған нәтиже 12-ге бөлінеді және БЖЗҚ-дан ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері алынады. Бұл ретте БЖЗҚ-дан ай сайынғы зейнетақы төлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің кемінде 70% мөлшерінде жүзеге асырылады. Келесі жылдары ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері жыл сайынғы зейнетақы төлемдерін индекстеудің 5% мөлшерлемесіне ұлғайту жолымен қайта есептеледі.
Белгілі бір санаттағы алушылар үшін: мерзімсіз белгіленген 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ, зиянды және қауіпті өндірістерде жұмыс істеген, жинақтары жиынтығында кемінде алпыс ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған адамдар үшін түзету көтермелеу коэффициенттері көзделген.
Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады.
Зейнет жасына байланысты кесте бойынша төлемдер тағайындау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жүгіну қажет.
1 немесе 2 топтағы мерзімсіз мүгедектігі бар адамдар төлем тағайындау үшін БЖЗҚ-ға жүгінуі тиіс. Мұны Қор бөлімшелерінің бірінде немесе enpf.kz. сайтындағы Жеке кабинетте жүзеге асыруға болады. Сонымен қатар, осы санаттағы алушылар enpf.kz сайтындағы «Электрондық қызметтер» бөлімі арқылы электрондық өтінім беру арқылы БЖЗҚ мамандарының мобильді тобын шақыра алады.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы.
Comments