Басты ақпарат

БІРЛІГІ БЕКЕМ ЕЛ ОЗАДЫ!

0
Оңтүстік медицинасы ардагерлерінің халыққа Үндеуі
Ордабасы – бірліктің бастауы. Береке-бірліктің алмайтын қамалы болмайды. Оның дәлелі жау отанымызды ойран еткенде осы Ордабасы тауында қазақтың беткетұтар азаматтары мен атқамінерлері бас қосып, тізе қосып қимылдап елдігімізді сақтап қалған. Бұл бірлігі мықтының бағындырмайтын биігі болмайтынының айқын дәлелі. Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген барлық табысымыздың да қайнары – ең алдымен халқымыздың береке-бірлігі.
Тазалық – саулық кепілі! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен былтыр қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясын ерте көктемде Ордабасыда жалғастыру табиғи заңдылық. Президент «Қалалар мен ауылдардың сәулетті, саябақтар мен ауланың таза болуы, ең алдымен, басқа біреуге емес, өзімізге керек. Азаматтарымыз қоғамдық орындар мен қоршаған ортаға жанашыр көзбен қарауға тиіс» деді. Әр көшенің, әр үйдің, әр ауланың тазалығы – тұтас ауданның не ауылдың ғана емес, баршамыздың денсаулығымыздың да айнасы. Сондықтан тазалық – біз үшін басты құндылық. Біз – Оңтүстік медицинасының ардагерлері осы бағытта айналамызды тазартуды облыстық деңгейде сапалы әрі қолжетімді дәрігерлік қызмет көрсетуге дайын Ордабасы аудандық орталық ауруханасынан бастадық. «Атадан мал қалғанша тал қалсын!» деген тәмсілмен медициналық ұйымның аллеясына әрқайсысымыз көшет ектік. Бізді жерлестеріміз, отандастарымыз қолдайды, туған жерді түлетуге атсалысады деп сенеміз.
Түркістан – ер түріктің бесігі! Ордабасы – қазақ рухының қағбасы! Барша жерлестерімізді, еңбек ұжымдары мен кәсіпкерлерді игі бастаманы өз үйінен бастап, аулалар мен көшелерде, мөлтек аудандарда жүзеге асыруға, тазалық жұмыстарына ұйытқы, жақсы істерге дәнекер болуға шақырамыз. Тазалық – Сіз бен бізден басталады. Туған жерімізді бірге көркейтейік!
1. Байдаулетов И.О — Медицина ғылымдарының докторы, профессор;
2. Бекжігітов.С- Медицина ғылымдарының докторы, профессор;
3. Сағымбеков.Б.С — Медицина ғылымдарының кандидаты;
4. Оңалбеков К.Т – Медицина ғылымдарының кандидаты;
5. Маймақов А.А –медицина ғылымдарының кандидаты;
6. Орманов Н.К – Медицина ғылымдарының кандидаты;
7. Ыдырысов.К — Медицина ғылымдарының кандидаты;
8. Бимурзаев Г.Н- Медицина ғылымдарының кандидаты, профессор;
9 . Рахманбердиев С.А — Медицина ғылымдарының кандидаты;
10. Оспанов.Р Медицина ғылымдарының кандидаты,доцент;
11. Ошақбаев А.М- медицина ардагері;
12. Сәлімбеков.А.М- медицина ардагері;
13. Мыңбаев Е.Т- медицина ардагері;
14. Мейірханов Т.М- медицина ардагері;
15. Жолтаев М.К — медицина ардагері;
16. Мүсірәлиев Р.А- медицина ардагері;
17. Медетов.Ж — медицина ардагері;
18. Досанбаев.К- медицина ардагері;
19. Копабаев М.Р- медицина ардагері;
20. Қарабеков Н.К- медицина ардагері;
21. Төлебаев С.Т- медицина ардагері;
22. Темиров.А — медицина ардагері;

АРЫСТА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН: «ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫНА» ОРАЙ «БІР КОЛЛЕДЖ – БІР ӨНІМ» ЖОБАСЫ ҚОЛҒА АЛЫНАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *