🔹 Аудан әкімі Азат Оралбаев жұмыс сапарымен Шұбарсу ауылдық округінде болып, бірқатар нысандарды аралады. Сапар қорытындысында ауыл әкімі Ануар Тұрсынбаевтың есебін тыңдады.
🔹 Батыс Қытай-Батыс Еуропа жолының бойында орналасқан Шұбарсу елді мекенінде қай салада болмасын тындырымды тірлік көп. Мысалы, Төлебаев Мейрамбек есімді азамат 2 Га астам аумақта жылыжай шаруашылығын жүргізіп отыр. Ол бұл жобаға 2018 жылы кіріскен.
Бүгінде жылыжайда 25 адам жұмыс істейді. Аудан басшысы кәсіпкерге мемлекет тарапынан қандай да бір көмек керек болса, заң аясында жан-жақты қолдау көрсетілетіндігін айтып, еңбегіне жеміс тіледі.
🔹 Шұбарсуға жасаған сапарында аудан әкімі елді мекенге ауыз су тарту жұмысының ІІІ-ші кезеңіндегі тірліктерді бақылап көрді. Бірінші кезең 2021 жылы аяқталып, 386 абонентке су берілген. Қалған төрт кезеңі бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Мамандардың айтуынша жұмыс 90%-ға біткен. Ал, жалпы елді мекенді ауыз сумен қамту жұмыстары осы жылы аяқталып, қолданысқа беру жоспарланған.
🔹 Аудан басшысы елді мекеннің құрамындағы Атамекен тұрғын алабының бойындағы қоршау жұмыстарының жобасымен де танысты. Қоршаудың жалпы ұзындығы 350 метр болады.
🔹 Шұбарсуда өз қаражатына білім ошағын (мектеп) салып жатқан кәсіпкерлер де аз емес. Аудан әкімі сондай кәсіпкерлердіғ бірі салып жатқан мектептердің құрылысын барып көрді. Білім ордасы Транспортник алабында бой көтеріп жатыр. Сыйымдылығы — 500 орындық. Жобалық құны — 1 млрд тг.астам. Наурыз-сәуір айларында іске қосылуы жоспарлануда.
🔹 Сапар соңында ауылдық мәдениет үйінде аудан басшысы ауыл әкімінің 2023 жылы атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарлар туралы есебін тыңдады.
🔹 Жалпы, ауыл әкімінің есебін тыңдаған аудан әкімі Азат Әбдіғалиұлы тиісті сала мамандарына, ауыл әкіміне Шұбарсудағы тоза бастаған аяқжолдарды ретке келтіруді, “Ауыл аманаты” бағдарламасын тұрғындарға (массивтер бойынша) кеңінен түсіндіріп насихаттауды, қалыптасқан көлік салығын өндіру жұмыстарын жандандыруды, қараусыз қалып қойған трансформаторларды қоршауды, ретсіз сауда қатарларын жөнге келтіруді, күн жылынған бойда топырақ жолдарға тас төсеуді, кәсіпкерлік нысандарды заңдастыру жұмыстарына кірісуді және басқа да маңызды мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ Шұбарсуда еңбекқор халық тұратынын айтып, кез-келген бағыттағы жұмысты жүзеге асыруда елді мекеннің потенциалының жоғары екенін тілге тиек етті.
🔘 Аудан әкімінің баспасөз қызметі
Comments