Қазақстандық қоғамда атом электр станциясын салу тақырыбы қызу талқылануда.
Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу және көміртексіз жасыл экономикаға көшу елдің сенімді базалық энергетикасының көмегімен ғана мүмкін болады.
Энергетикалық қауіпсіздіктің анықтамасы – қажетті уақытта қажетті жерде қажетті энергия мөлшері. Бұл шарт тек 24/7 энергияны қамтамасыз ететін атомдық сияқты үздіксіз энергия көздерінен орындалады.
Осылайша, «жасыл» энергетикаға көшудің жаһандық күн тәртібі сенімді энергиямен қамтамасыз етуді ескере отырып қалыптасса, бұған атом энергетикасының еуропалық «жасыл» таксономияға қосылуы дәлел бола алады. Шынында да, АЭС ел экономикасының тұрақты дамуына негіз болатын тұрақты көміртексіз энергия көздері болып табылады.
Comments