Басты ақпарат

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі

0
«Таза Қазақстан»:» «Киелі мекен» акциясы аясында 12 тонна қоқыс жиналды
Аталмыш шара Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Ұлытау облыстарында орналасқан ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және оларға іргелес елді мекендерде өтті.
🔺Акция 4 ЕҚТА – «Қарқаралы», «Көкшетау», «Баянауыл», «Ұлытау» ұлттық парктерін қамтыды.
✅Ұлттық парк қызметкерлері жергілікті тұрғындармен және еріктілермен бірлесіп 12 тоннадан астам қоқыс жинады. Бұл құрғаған бұталар, қыс мезгілінен кейін құлаған ағаштар, тұрмыстық қоқыстар, жапырақтар мен балшық шөгінділері. Іс-шараға 250-ден астам адам қатысты.
✅Мұндай акциялар бірегей экожүйелерді сақтауға және ЕҚТА-да қоршаған ортаның ластануын болдырмауға бағытталған.
✅Естеріңізге сала кетейік, «Киелі мекен» акциясы «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы аясында өткізілуде. Іс – шаралардың негізгі бағыттары — аумақтарды абаттандыру, жасыл аймақтарды ұлғайту және халықтың экологиялық мәдениетін арттыру.

«Таза Қазақстан»:» «Киелі мекен» акциясы аясында 12 тонна қоқыс жиналды

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҰОС АРДАГЕРЛЕРІНЕ 5 МЛН ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *