Басты ақпарат

АТОМ ЭЛЕКТР СТАНСАСЫНЫҢ ПАЙДАСЫ ҚАНДАЙ БОЛМАҚ?

0

Бүгінгі таңда планетамызда ауаның ластануы,соның салдарынан жаhандық климаттың өзгеруі ең өткір мәселенің біріне айналды. Жаhандық жылынуға әлем экономикасында көмірсутекті энергия көздерін (көмір,газ, мұнай) кеңінен пайдалану, олардың жанған кезде көмір қышқыл газын көп мөлшерде бөлетіндіктері басты себеп болып отыр.Егер адамзат баласы таяу жылдары «лас» энергия көздерін пайдалану тәсілін түбегейлі өзгертпесе, Жер шары нақты климаттық апатқа ұшырайтынын дүние жүзінің ғалымдары жарыса айтып жатыр, ал бұл процесс декарбонизация деп аталады.
Декарбонизацияға қарсы күшті біріктіріп,атмосфераға көмір қышқыл газдың шығарылуын азайту үшін әлемнің 175 елі 2016 жылы климат жөніндегі Париж келісіміне қол қойғанымен,, «лас» электр стансаларынан бас тарту мүмкін болмай отыр,сондықтан оларды экологиялық таза энергия көздерімен,яғни көмір қышқыл газды барынша аз мөлшерде шығаратын заттармен алмастыру қажет.
Олардың қатарына күн және жел электр стансалары, гидроэлектростансалары мен атом электр стансалары(АЭС)
кіреді.
Бірақ,күн және жел электр стансаларының кемшілігі : олар ауа райына тәуелді, сондықтан тұрақты негізде қажетті энергиямен көзімен қамтамасыз ете алмайды.

Ал,атом электр стансалары көмірқышқыл газды ауаға шығармайды,ауа райына тәуелді емес, тұрақты түрде берік және көп мөлшерде энергия өндіре алады.Атом электр стансасы «ядролық отынмен» толықтырылып отырады. Әрине,сондықтан атом электр стансаларында пайдаланылған ядролық отындар болатындықтан АЭС қалай болса да экологияға, яғни қоршаған ортаға зиян келтіреді деген пікірлер бәрімізді мазалайтыны рас.
Дегенмен,адамзат ядролық қалдықтарды табиғатқа зиян тигізбеуі үшін кәдеге асыруды үйренді,қазіргі кезде жабық отын циклінің технологиясы жұмыс істей бастады,онда барлық дерлік пайдаланған отынды АЭС арқылы қайта пайдалануға болады.

Біздің елде АЭС құрылыс жобасына қатысты екі жақты көзқарас бар екендігі рас, дегенмен соңғы уақытта оны қолдаушылар қатары көбейіп отыр,өйткені осы саладағы мамандар,энергетиктер мен ғалымдар АЭС салу еліміздің экономикасы мен әлеуметтік жағдайымыздың жақсаруына әкелетіндігін сенімді түрде өздерінің күнделікті пікірлері мен ойларында азаматтарға жеткізіп келеді.

Президентіміз Қ-Ж.Тоқанв Үкіметтің кеңей­тіл­ген отырысында елімізде атом электр стансасы құрылысын жүр­гізу туралы: «Біз­де ин­вес­тиция былай тұрсын, таза атом энергиясы жоқ болса, экономикамызды құл­дыратып аламыз, сөйтіп аймақтағы көшбасшылығымыздан айырыламыз. Сондықтан да бізге электр энергиясы, атомдық таза энергия қажет. Оның маңызын халыққа кәсіби тұрғыдан түсіндіру керек»- деген болатын.

Оның үстіне қазіргі кезеңде экономиканы алға қарай жылжыту үшін бар мәселе электр қуатына тығыз байланысты екендігіне көп адамдардың көздері жете бастады.

Бізді қоршаған әлем жылдам өзге­руде, жаңа құндылықтар қа­лып­та­суда, өмір сүрудің бағыттарында жаңа идеялар пайда болып жатыр. Бұл атом электр стан­са­ларында электр энергия­сын өнді­ру­ жайына да қатысты.

Негізі атом энер­гиясын табысты өндірудің кілті — ядролық реакторды дұрыс таңдау. Олардың түрлері мен сұ­рыптары өте көп. Негізінен олар бір-бірінен мақсаты мен жұмыс істеу қағидаттары және қауіпсіздік деңгейлері бо­йынша ерекшеленеді.
Дүниежүзіндегі реактор өндіру­шілер уақыт өткен сайын бұ­рын­ғы­ларына қарағанда қауіп­сіз­деу жаңа типтегі реак­торлар шы­ға­рып жатыр.

Қазақстанда қауіпсіздіктің барлық талаптарына жауап беретін жетістіктер мен әзірлемелерді пайдалана отырып,жаңа буындағы ІІІ не ІІІ+ реакторлық атом электр стансасының құрылысы қарастырылуда,бұл болуы мүмкін апатты барынша азайтады және жаңа буынды реакторлардың басты ерекшелігі — стансаны сыртқы және ішкі әсерлерге барынша төзімді ететін белсенді және пассивті қауіпсіздік жүйесінің бірегей үйлесімі. «Қазіргі заманғы үшінші буын атом электр стансаларында ауыр апат 10 миллион жылда бір рет ғана болуы мүмкін»- деп сендіреді ғалымдар.

Қорыта келгенде, халқымыз және еліміздің өсіп-өркендеуі мен экономикамыздың қарқынды дамуы үшін,басқа елдерден энергетикалық тәуелсіздікті толығымен қамтамасыз ету мақсатында заманауи талаптардың барлығына, әсіресе,еліміздің, жеріміздің және қоршаған ортаның қауіпсіздігіне жауап беретін жаңа буынды реакторы бар атом электр стансасын салуды ағымдағы жылдың 6 қазанда болатын жалпыұлттық Референдумда
қолдауға шақырамын.

Әбдіқайымұлы Тұран,
Ақсақалдар кеңесі қоғамдық бірлестігі төрағасы.

АТОМ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ: БОЛАШАҚТЫҢ ЭНЕРГИЯСЫ БҮГІННЕН БАСТАЛАДЫ

Алдыңғы

АЭС: БАТЫЛ ШЕШІМДЕР УАҚЫТЫ!

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *