Басты ақпарат

АТОМ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ: БОЛАШАҚТЫҢ ЭНЕРГИЯСЫ БҮГІННЕН БАСТАЛАДЫ

0

Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу елдің энергетикалық және экономикалық дамуы үшін маңызды қадам екені рас. АЭС үздіксіз және сенімді электр энергиясын өндірудің тиімді жолы бола алады, әсіресе көмірсутек қорларының шектеулілігін ескергенде. Қазақстан уран қорларының молдығының арқасында АЭС үшін қажетті отынмен толық қамтамасыз ете алады.

АЭС салу тек энергетикалық тұрақтылықты ғана қамтамасыз етіп қоймайды, сонымен қатар экономиканың басқа да салаларына мультипликативтік әсер береді. Жоғары технологияларды дамыту, ғылымды қажетсінетін салаларды ілгерілету, жаңа жұмыс орындарының ашылуы, инфрақұрылымды жетілдіру секілді процестердің бастауына айналады. Бұл мектептер, ауруханалар, жолдар сияқты маңызды нысандардың құрылысын да қамтиды.

Қоғамда АЭС-ке байланысты қауіптер туралы алаңдаушылық бар болғанымен, дамыған және дамушы елдер бұл технологияны бейбіт мақсатта қолданып, оның мүмкіндіктерін өз пайдасына жаратып келеді. Атом электр станциясының атом қаруынан айырмашылығы зор, және қауіпсіздік шаралары дұрыс сақталған жағдайда, бұл технология қауіпсіз және тиімді энергия көзіне айналады.

Қазақстанның тұрақты даму үшін және өсіп келе жатқан электр энергиясына деген сұранысты қанағаттандыру үшін АЭС салу маңызды стратегиялық шешімі деп санаймын.

Бектай Ералхан,
«Ауғанстан соғысы ардагерлері, мүгедектер қоғамы» қоғамдық ұйымы төрағасы.

🥅Ордабасы: Кіші футболдан дәстүрлі турнир өткізілді

Алдыңғы

АТОМ ЭЛЕКТР СТАНСАСЫНЫҢ ПАЙДАСЫ ҚАНДАЙ БОЛМАҚ?

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *