Басты ақпарат

Атақты «A’Studio» тобының əндері желісімен түсірілген «Тоқта, түн» («Стоп,ночь») фильмі премьерасының күні белгіленді

0

Атақты «A’Studio» тобының əндері желісімен түсірілген «Тоқта, түн»
(«Стоп,ночь») фильмі премьерасының күні белгіленді.
«Тоқта, түн!» — бұл A’Studio тобының əндері желісімен түсірілген толықметрлі
киномюзикл. Премьерасы 2024 жылдың 5 қыркүйегіне жоспарланған.
Синопсис
Фильм өз арманына нық сеніммен келе жатқан жас музыкант Бейбіт туралы. Əке
рөліне енді үйреніп келе жатқан Бейбіт, шығармашылық пен отбасылық өмірді тең
ұстауға тырысады. Өзіне ғашық биші қыз Джулияны кездестіргенше бəрі ойдағыдай
еді.
Бұл оқиға ақын жəне музыкант жас жігіттің өмірі, махаббат, достық жəне де сүйікті
қала Алматы туралы.
Фильм туралы
Кинокартинада негізгі оқиғаларды бейнелеуге алматылық «A’Studio» тобының 17 əні
ұсынылған. Мюзиклде тыңдармандардың сүйікті хиттеріне айналған «Стоп, ночь!»,
«Солдат любви», «Грешная страсть», «Тик-так», «Еще люблю» жəне «Джулия» сияқты
басқа да əндер орындалады. Көрерменге тосынсый ретінде топтың аты «Алмата»
кезіндегі алғашқы альбомдағы əндер қазақша шырқалады.
Фильмде «A’Studio» тобының негізін қалаушы, продюсер Байғали Серкебаевтың жаңа
өңдеуден өткізген əндері орындалады.
Фильмнің продюсерлерінің бірі, Америкалық мюзикл жəне драма академиясының
түлегі, «Инопланетяне ни при чем», «18 килогерц», «Схема» фильмдерінің продюсері —
Дина Жұмабек.
Фильмге динамика мен энергия беретін ең жарқын музыкалық сахналарды қоюға 500
ден аса əртүрлі стильдегі бишілер қатысты. Би қойылымдарын хореографтар Арсен
Именов — (Қазақстан), «Танцы» жобасының қатысушысы жəне Мадонна, Пафф Дэдди
сынды əлемдік жұлдыздармен жұмыс істеген Сапл Нам (Ұлыбритания) қойды.
Фильмді Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігінің
тапсырысымен, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен
«Medeor» ЖШС түсірді.
«Қазақстандық киноматографиясының тарихында музыкалық картина көп емес.
Алғашқы мюзикл режиссер Шəкен Аймановтың 1958 жылы жарық көрген «Біздің
сүйікті дəрігер» картинасы. Онда басты рөлді менің əкем Ермек Серкебаев сомдаған.
Мюзиклдің композиторы кемеңгер Александр Зацепин. Оның, менің əкемнің
орындауындағы, «Надо мной небо синее» əні мега-хитқа айналып, миллиондаған
көрерменннің жүрегінен орын алған. Жарты ғасыр өткен соң, 2024 жылдың 5
қыркүйегінде «Стоп, ночь» фильмінің премьерасы болады. Мен осы картинамыз
Қазақстандағы киномюзикльдер эстафетасын жалғасытрғанын қалаймын», – деді
Байғали Серкебаев.
Жобаның басты қатысушылары
● Оператор: Александр Плотников («Тұлғалық өсі тренингі», «18 килогерц»,
«Схема», «Аманат», «Разрывая замкнутый круг», «Сказ о розовом зайце»)
● Қоюшы суретші: Алексей Шиндин («Тұлғалық өсі тренингі», «18 килогерц»,
«Схема», «Стриж», «Бауыр»)
● Хореография: Арсен Именов, Сапл Нам
● Продюсерлер: Байғали Серкебаев, Дина Жұмабек
● Актерлер:
Кемеңгер Оралов — Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының түлегі,
мамандығы — «драма жəне кино актері» («5:32» сериал / 2021, «Ключи счастья»
сериал / 2022, «Рокировка» / 2022)
Қарлығаш Ермекова – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық
консерваториясының түлегі. Мемлекеттік жəне халықаралық музыкалық
байқаулардың лауреаты, MOLDANAZAR тобының клавишта орындаушысы.
Жасмина Нурахметова – кəсіби биші, хореограф, “JD DANCE” би
ұйымдастырушысы. NAZIMA, Say Mo сияқты əншілерге би қойған.
Raim&Artur&Adil “Симпа”, Ирина Кайратовна “Wu Kang”, Ninety One
“Senorita” бинебаяндарына түскен.
«A’Studio» тобы туралы
«A’Studio» – бүкіл əлем бойынша тыңдармандарын əдемі əуен мен жүрекке жеткізер
сөздерімен тəнті еткен қазақ музыкасының пионерлері. Қазіргі таңда да олардың
мұралары жаңа толқынды əртістер мен сүйікті тыңдармандарына шабыт беруде.
Қолдағандар мен серіктестер
Фильмнің жарық көруіне қолдау білдіргендер: KMF, Кинопоиск, Яндекс Плюс, Air
Astana, Алматы қаласының халықаралық əуежайы жəне медиамаркетингтік агенттік
Nonna Marketing Agency, фильмнің бас ақпараттық серіктестігі WeProject.media,
сыртқы жарнама бойынша медиа серіктес Citix.
«Тоқта, түн!» фильмі 2024 жылы 5 қыркүйегінен бастап еліміздің барлық
кинотеатрында көрсетіледі. ҚР территориясындағы дистрибьютор компания
«Sulpak Cinema».
Фильмнің Instagram аккаунтына сілтеме:
https://www.instagram.com/stopnight_film?igsh=ajlveXpnaTBuZmdx

Мемлекет алға қарай дамыған сайын өркениет жетістіктеріне де ие болатыны сөзсіз

Алдыңғы

Премьера фильма “Стоп, ночь” в Астане

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *