Басты ақпарат

Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысының салымшылары зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына беру бойынша ең белсенді өңірлер қатарында

0

2026 жылғы қыркүйектен бастап заңнамалық өзгерістер күшіне енді. Оған сәйкес салымшылар өз таңдауы бойынша ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған жинақтарын, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жиналған қаражатын толық көлемде жеке басқаруға бере алады.

Осылайша, салымшылардың басқарушы компанияны таңдау және зейнетақы жинақтарын инвестициялау мүмкіндіктері кеңейді. Енді жинақтарды бірнеше инвестициялық портфельді басқарушы (ИПБ) мен инвестициялық портфель арасында бөлуге болады. Бұл азаматтарға өздерінің зейнетақы капиталын басқарудың түрлі нұсқаларын пайдалануға жол ашады.

Зейнетақы жинақтарын толық көлемде жеке басқаруға беру мүмкіндігі инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) жасалатын аударымдар санының өсуіне ықпал етті. Мәселен, 2026 жылғы 1 қаңтар мен 31 тамыз аралығында жалпы сомасы шамамен 66,7 млрд теңгені құрайтын 73 456 аударым жасалса, 1 қыркүйек пен 13 қазан аралығындағы қысқа мерзімнің өзінде 56 956 аударым жүзеге асырылып, олардың жалпы сомасы шамамен 92,0 млрд теңгеге жетті.

Зейнетақы активтерін ИПБ басқаруына беру бойынша Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысының тұрғындары ерекше белсенділік танытып отыр.

Аталған кезеңдер бойынша өңірлер бөлінісіндегі толық статистикалық мәліметтер төменде келтірілген.

 

2026 жылғы 1 қаңтар мен 31 тамыз аралығындағы деректер

Өңір  Аударым сомасы

(теңгемен)

Аударым саны
Барлығы   66 659 094 302,02  73 456
Ақмола облысы     1 301 404 104,10  1 919
Ақтөбе облысы     3 786 064 527,33  4 359
Алматы облысы           24 711 228,07  066
Атырау облысы     3 943 939 767,44  3 791
Шығыс Қазақстан облысы     1 527 427 793,28  2 045
Жамбыл облысы     1 483 973 244,91  2 134
Батыс Қазақстан облысы     2 292 443 937,59  2 442
Қарағанды облысы     5 265 611 248,47  5 963
Қостанай облысы     1 930 290 043,12  2 855
Қызылорда облысы     1 746 149 958,85  2 378
Маңғыстау облысы     3 496 995 021,36  3 734
Ұлытау облысы           46 219 700,07  054
Абай облысы     1 059 677 818,21  1 685
Жетісу облысы        933 400 854,55  1 349
Павлодар облысы     3 494 934 297,77  3 575
Солтүстік Қазақстан облысы        804 079 529,47  1 160
Түркістан облысы     1 987 795 960,34  2 784
Алматы қаласы   17 633 839 058,41  16 983
Астана қаласы   10 823 707 427,56  10 278
Шымкент қаласы     3 076 428 781,12  3 902

 

2026 жылғы 1 қыркүйек пен 13 қазан аралығындағы деректер

Өңір   Аударым сомасы

(теңгемен)

количество переводов
Барлығы   91 931 522 402,00  56 956
Ақмола облысы   1 832 771 887,08  1 414
Ақтөбе облысы   4 294 913 293,91  3 025
Алматы облысы   27 664 930,76  061
Атырау облысы   4 328 959 177,31  2 410
Шығыс Қазақстан облысы   2 511 877 675,44  1 685
Жамбыл облысы   2 104 796 055,23  1 798
Батыс Қазақстан облысы   3 000 693 685,11  1 902
Қарағанды облысы   7 147 355 461,33  4 722
Қостанай облысы   3 128 383 687,11  2 279
Қызылорда облысы   1 859 242 703,51  1 430
Маңғыстау облысы   4 550 479 005,45  2 621
Ұлытау облысы   61 280 525,21  058
Абай облысы   1 342 445 552,78  1 201
Жетісу облысы   1 451 475 574,53  1 186
Павлодар облысы   3 793 095 242,35  2 636
Солтүстік Қазақстан облысы   1 304 216 236,38  972
Түркістан облысы   2 278 055 124,56  1 806
Алматы қаласы   27 419 578 835,28  14 327
Астана қаласы   15 735 002 693,16  8 680
Шымкент қаласы   3 759 235 055,51  2 743

 

Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) бермес бұрын салымшы басқару шарттары мен инвестициялық стратегияның ерекшеліктерін мұқият зерделегені жөн. Өйткені бұл таңдау қаражаттың қалай инвестицияланатынына және оны орналастыру барысында қандай тәуекелдер туындауы мүмкін екеніне тікелей әсер етеді. Ең алдымен, ИПБ-ның инвестициялық декларациясымен танысу қажет. Бұл құжатта инвестициялаудың мақсаттары мен тәсілдері, сондай-ақ активтердің құрамына қатысты шектеулер көрсетіледі. Сонымен қатар басқарушы компания алатын комиссиялық сыйақының мөлшерін және оның қандай қаржы құралдарын пайдаланатынын анықтап алған маңызды. Әртүрлі кезеңдердегі инвестициялық кірістілік көрсеткіштеріне де ерекше назар аударған жөн. Өткен кезеңдердің нәтижелері инвестициялық портфель жұмысының тиімділігін бағалауға көмектеседі. Алайда бұрын қол жеткізілген кірістілік болашақта да дәл сондай табыс алынатынына кепілдік бермейтінін ескеру қажет. Сондай-ақ тәуекел деңгейін назардан тыс қалдырмаған дұрыс: нарықтағы жағдайға байланысты активтердің құны өзгеруі мүмкін.

 

Басқарушы компаниялардың ұсыныстарын салыстырып, зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына беру шарттары туралы толық ақпаратты invest.enpf.kz инвестициялық порталынан алуға болады. 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша invest.enpf.kz порталының бірегей пайдаланушыларының саны шамамен 82 мыңға жетті. Оның ішінде 27,5 мыңға жуық пайдаланушы қыркүйек айында, яғни салымшылардың инвестициялық мүмкіндіктері кеңейген кезеңде тіркелген. Аталған цифрлық платформаны пайдалану арқылы әрбір салымшы басқарушы компаниялардың инвестициялық стратегияларын өз мақсаттарымен, қаржылық күтулерімен және инвестициялық тәуекелдерге дайындық деңгейімен салыстырып, жан-жақты сараланған шешім қабылдай алады.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысының салымшылары зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына беру бойынша ең белсенді өңірлер қатарында

Алдыңғы

За 12 месяцев пенсионные накопления казахстанцев выросли на 2,60 трлн теңге

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *