🔹 2 қыркүйек 2024 жыл — Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Президент азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жүйелі экономикалық реформаларға басты назар аударды. Атап айтқанда, Президент Қ.Тоқаевтың бастамалары мен ұсыныстары салық жүйесін қайта жаңғыртуға, шағын және орта бизнесті қолдау шараларын қабылдауға, ауыл шаруашылығы саласын қолжетімді несиелеуге, әділ және тиімді тарифтік саясатқа, көлік инфрақұрылымын жаңғыртуға, білікті кадрлар даярлауға, цифрландыру және жасанды интеллектіні дамытуға, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталды.
🔸 Президент Қ.Тоқаев 2024 жылғы 6 қазанда Атом электр стансасын салу мәселесі бойынша референдум өтетінін мәлімдеді.
🔺 Осыған орай, Ордабасы ауданы ішкі саясат бөлімі “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің мамандары аудан орталығында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, үнпарақшалар таратуда.
✅ Аудан тұрғындарын 6 қазанда өтетін референдумға атсалысып, өз дауыстарыңызды беруге шақырамыз!
#ordabasy_jastary
Comments