Парламент Мәжілісінің депутаты Қайрат Балабиев Ордабасы ауданындағы жұмыс сапарының екінші күнінде аудандағы зиялы қауым өкілдерімен кездесті.
Аудан әкімі Азат Оралбаев тізгін ұстаған кездесуде халық қалаулысы 2023 жылы Мәжіліс мінберінде атқарған жұмыстары жөнінде баяндап өтті.
Мәжіліс депутатының айтуынша былтыр мектеп тапшылығын азайту мақсатында қолға алынған «Жайлы мектеп» жобасына республикалық бюджеттен облысымызға қаржы бөлдіруге себепкер болғандығын айтып, нәтижесінде Ордабасыда алда 5 білім беру мекемесінің іргетасы қаланатындығын тілге тиек етті. Әрі мәжіліс депутаты жиналғандарды аудандағы өзекті мәселелерді талқылап, бірлесіп шешуге шақырды.
Іссапар кестесіне сай Қайрат Рахманұлы аудандық мәслихаттың фракция мүшелерімен пікірлесті.
Кездесуде әлеуметтік мәселелермен қатар «Ауыл аманаты» бағдарламасының жергілікті жерлерде жүзеге асырылуы, агросектордағы ақтаңдақтар төңірегінде ой бөлісті.
Аудандық мәслихат депуттары көпті толғандырған бірнеше мәселені ауызша, жазбаша түрде Елордадан келген әріптесіне табыстап, халықтың мәселесін оңды шешуге бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты.
Мұнан соң халық қалаулысы өткен жылдың қыркүйек айында мемлекеттік қабылдаудан өткен жоба құны 3,0 млрд.теңгені құрайтын алюминий профиль бұйымдарын өндіретін «Gold Aluminium» зауытының жұмысымен танысып, мекеме қызметкерлерімен пікірлесті.
Сонымен қатар Бөржар ауылындағы жылқы бордақылаумен айналысатын жеке кәсіпкер Мейірхан Утеповтың шаруашылығын аралап, мемлекеттік қолдаудың тиімді тұстарын талқылады.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Comments