Ақпарат ағыны

БЖЗҚ-ның 2023 жылғы 1 қарашадағы негізгі көрсеткіштеріне шолу: зейнетақы жинақтары бір жылда 21,7% өсті

0

2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 17,2 трлн теңгеге жетті. Бір жыл ішінде ол 3,1 трлн теңгеге немесе 21,7%, ал 2023 жылғы қаңтар-қазан аралығында 2,5 трлн теңгеге немесе 17,4% өсті.

Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары бір жыл ішінде 21,4% ұлғайып, 2023 жылғы 1 қарашада 16,7 трлн теңгеге, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен 29,1% артып, шамамен 549,8 млрд теңгеге жетті.

57,2% мөлшеріндегі ең үлкен өсімді ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған жинақтар көрсетті, 01.11.2023 ж. ол шамамен 5 млрд теңге болды.

Бір жеке зейнетақы шотындағы (ЖЗШ) МЗЖ есебінен жинақтардың орташа мөлшері – 1 505,9 мың теңге, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 19,8% артық. Осы ретте барлық салымшылардың, яғни жеке шотына қаражат жинауды жаңадан бастағандардың да, жарналарды 25 жыл бойы үздіксіз аударып келе жатқандардың да жеке зейнетақы шоттары есепке алынды. Жинақ сомасы негізінен салымшының табысы негізінде жарналардың жүйелілігі мен көлеміне байланысты болады.

Жинақтардың өсуі зейнетақы жарналары мен инвестициялық табыс түріндегі кіріс ағындары есебінен қалыптасқан. Бұл ретте 2023 жылғы қаңтар-қазанда зейнетақы жарналары 1 735,2 млрд теңге мөлшерін көрсетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,9% артық: МЗЖ көлемі өсті (ЖЗШ-ға 1 654,4 млрд теңге түсті, өсім өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26%), МКЗЖ (78,9 млрд теңге, өсім 25,2%). ЕЗЖ көлемі – 1 865 млн теңге.

 

2023 жылғы қаңтар-қазандағы таза инвестициялық кіріс 1 225,3 млрд теңгеден асты.

 

БЖЗҚ-дан берілетін төлемдер түріндегі шығыс ағындары жыл басынан бері шамамен 463,6 млрд теңге болды. Бұл ретте осы соманың едәуір бөлігі – 226 млрд теңгеден астам қаржы тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ), бұл өткен жылғы көрсеткіштен 74,6% төмен.

Зейнет жасына байланысты төлемдер – шамамен 122,7 млрд теңге.

Сондай-ақ, мұрагерлік бойынша төлемдер – 43,4 млрд теңге, ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер – 33,4 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға төлемдер – 2,2 млрд теңге, жерлеуге төлемдер – 5,9 млрд теңге көлемінде жүзеге асырылды. Сақтандыру ұйымдарына шамамен 29,8 млрд теңге аударылды.

Айта кетейік, БЖЗҚ-дан кесте бойынша орташа айлық төлем сомасы (зейнет жасына толуына байланысты) 32 124 теңгені, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы – 742 692 теңгені құрады. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың осы кезеңінде БЖЗҚ-дан кесте бойынша ай сайынғы төлемнің орташа сомасы 29 877 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 707 326 теңге болған еді.

2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 12,3 млн бірлікке тең, оның ішінде: 11,1 млн. бірлік — МЗЖ бойынша, 633 188 бірлік — МКЗЖ бойынша, 390 641 бірлік — ЕЗЖ бойынша шоттар.

Зейнетақы активтері бойынша, оның ішінде республика өңірлері бөлінісіндегі статистикалық деректер туралы барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» бөлімінде орналастырылған.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

 

 

БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын инвестициялау туралы егжей-тегжейлі есеп берді

Алдыңғы

БИРГИ: 5 МЫҢ ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР АУЫЛ

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *