Ақпарат ағыны

БЖЗҚ салымшыларының (алушыларының) таза инвестициялық табысы өткен жылғы көрсеткіштен 89,3% мөлшерге асып түсті

0

2023 жылдың 10 айында БЖЗҚ салымшыларының шоттарына есептелген таза инвестициялық кіріс – 1,23 трлн теңге. Ол өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 578,11 млрд теңгеге немесе 89,3% артық.

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік жыл басынан бері 01.11.2023ж. дейінгі жағдай бойынша 7,98% көрсетті.

 

Инвестициялық кіріс бағалы қағаздар (салымдар және басқа операциялар) бойынша сыйақы түріндегі кірістерден, қаржы құралдарын нарықтық және валюталық қайта бағалаудан, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістерден және т. б. жинақталады. ҚРҰБ және инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) зейнетақы активтерін инвестициялық кіріс алу мақсатында ҚР және шетелдегі экономиканың түрлі секторларының сенімді қаржы құралдарына түрлі валюталарда орналастырады. Осындай әртараптандыру есебінен тұрақты инвестициялық кірістілік қамтамасыз етіліп, 10 ай ішінде оң инвестициялық кіріс алынды.

Естеріңізге сала кетейік, зейнетақы активтерінің қысқа уақыт ішіндегі кірістілігі оларды басқару тиімділігінің объективті көрінісін көрсетпейді. БЖЗҚ зейнетақы активтері ұзақ инвестициялық көкжиекке ие және инвестициялаудың негізгі мақсаты – ұзақ мерзімді кезеңде нақты табыс алу.

1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған күннен бастап инвестициялық кіріс 2023 жылғы 1 қарашада 9,02 трлн теңгеден асты, ал бүкіл кезең ішінде жинақталған инфляция 739,53% болғанда жинақталған инвестициялық кірістілік өспелі қорытындымен 798,74% көрсетті. Осылайша, ұзақ мерзімді кезеңдегі жинақталған инвестициялық кіріс инфляциядан асып түсті.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына мемлекет тарапынан берілетін бірегей кепілдік бар. Төлем құқығы басталған кезде салымшының жинақталған кірістілігіне әсер еткен жекелеген кезеңдегі кірістілік төмен болған жағдайда да айырманың өтелуіне  мемлекет кепілдік береді.

 

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алудың барлық жүйесі ашық: әрбір салымшы enpf.kz сайтындағы Жеке кабинетінде немесе ұялы қосымшада өзінің инвестициялық табысын көре алады.

БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және БЖЗҚ зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың ресми сайтындағы (www.enpf.kz)  «Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет» бөлімінде жарияланады.

 

Көптеген қызықты және пайдалы ақпаратты, соның ішінде жинақтаушы зейнетақы жүйесі сарапшыларының зейнетақы активтерін инвестициялау туралы сұхбатын БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасынан көре аласыздар.

 

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

          

 

 

 

 

 

 

ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ МІНДЕТТІ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖАРНАЛАРЫН (ЖМЗЖ) ЕНГІЗУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ АУДАРУҒА АРНАЛҒАН ДЕРЕКТЕМЕЛЕР

Алдыңғы

Қазақстанның зейнетақы жүйесі алғаш рет Mercer институтының CFA жаһандық зейнетақы рейтингіне енгізілді

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *