БЖЗҚ 01.01.2024 жылдан бастап қолданыстағы жинақтаушы жүйе жаңа шартты-жинақтаушы құрамдауыш — жұмыс берушінің зейнетақы жарналарымен (ЖМЗЖ) толықтырылатынын еске салады.
ЖМЗЖ агенттің, өзге де ақылы жұмысы бар адамдардың (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген) өз қаражаты есебінен 1975 жылғы 1 қаңтардан кейін туған жұмыскерлер үшін ғана аударылатын болады. ЖМЗЖ шамасы ЖМЗЖ есептеу үшін қабылданатын қызметкердің ай сайынғы табысынан белгіленеді:
- 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 1,5 пайыз мөлшерінде;
- 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 2,5 пайыз мөлшерінде;
- 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 3,5 пайыз мөлшерінде;
- 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 4,5 пайыз мөлшерінде;
- 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 5 пайыз мөлшерінде.
Бұл ретте қызметкердің ЖМЗЖ есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табысы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының мөлшерінен кем болмауы және республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс.
ЖМЗЖ-ны ҚР Әлеуметтік кодексінің 251-бабында көрсетілген бірыңғай төлем құрамында төлеуді таңдаған салық агенттері үшін жұмыскердің жалақысынан бірыңғай төлем мөлшерлемесіндегі ЖМЗЖ үлесі:
- 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 7 пайыз;
- 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 10,5 пайыз;
- 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 14,1 пайыз;
- 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 17,4 пайыз;
- 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 19,0 пайыз болмақ.
Төменде жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын аударуға болатын деректемелер келтірілген:
Агент жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) аударуды қолма-қол ақшасыз төлемдер арқылы жүргізеді.
Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда (бұдан әрі – банктер) шоттары жоқ, ЖК, ДК-мен айналысатын тұлғалар, ЖМЗЖ-ны кейіннен БЖЗҚ-ға аудару үшін банкке қолма-қол ақшамен енгізеді. Ұсталған (есепке жазылған) ЖМЗЖ Мемлекеттік корпорацияға мына деректемелер бойынша аударылады:
Атауы | Деректемелер |
Бенефициар | «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ |
Бенефициар банкі | «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ |
Бенефициар БСК | GCVPKZ2A |
Бенефициар ЖСК | KZ12009NPS0413609816 |
Бенефициар БСН | 160440007161 |
ТМК:
ТМК | Төлем мақсатының код атауы |
ТМК 089 | жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары |
ТМК 098 | жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын уақытылы аудармағаны үшін өсімпұл |
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
Comments