Ақпарат ағыны

Қадыржан Дамитов: зейнетақы реформасы Қазақстандағы қор нарығын дамытуға серпін береді деп жоспарланған болатын

0

Қазақстандық зейнетақы жүйесінің 25 жылдығына орай түсірілген Диалогтар сериясының кезекті шығарылымы  экономист және саяси қайраткер, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бұрынғы төрағасы (1998-1999 жж.), KASE Қазақстан қор биржасының экс-президенті (2009-2013 жж.), «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры (2017-2020 жж.)    қызметтерін атқарған Қадыржан Қабдошұлы Дамитовтың қатысуымен өрбіді.

БЖЗҚ ЕНПФ YouTube-арнасына берген сұхбатында Қадыржан Дамитов зейнетақы реформасы енгізілген сәттегі елімізде қалыптасқан ахуал, мемлекет экономикасын дамытудағы зейнетақы қорларының рөлі, БЖЗҚ алдында тұрған міндеттер, оларды жеңудің қиындықтары мен сара жолдары туралы айтып берді.

«1998 жылы мен Ұлттық банктің басшысы болған кезде, зейнеткерлердің қажеттіліктерін қамтамасыз ете алмайтын және елдің экономикасы мен бюджетіне үлкен жүктеме түсіретін үлестіруші зейнетақы жүйесінің орнына жинақтаушы аралас зейнетақы жүйесі келді. Бұл қиын жыл болды, азиялық қаржы дағдарысы жалғасып жатты. Ресей тарихындағы ең ауыр экономикалық дағдарыстардың бірі басталды, ол дефолтпен және рубльдің күрт девальвациясымен қатар жүрді, бұл Қазақстанның экономикалық жағдайына да әсер етті. Теңгенің құнсыздануы және еркін өзгермелі бағамға көшу орын алды. Үкімет дағдарысқа қарсы шараларды уақытында қабылдады. Ұлттық банк өтемақы шараларын жүзеге асырып, соның арқасында банк жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге және дағдарыстың салдарын жеңілдетуге мүмкіндік туды. Елді басқарудағы көптеген ішкі және сыртқы үрдістерді жетілдіру бойынша үлкен жұмыстар атқарылды. Елдің экономикалық саясатында бірқатар жаңа тәсілдер әзірленді», — деген Қадыржан Дамитов қаржы жүйесінің сол кездегі сынақтардан қалай өткенін еске алды.

– Зейнетақы реформасы ойластырылған кезде, ол қор нарығын дамытуға серпін береді деп жоспарланды. Енгізілген көпдеңгейлі зейнетақы жүйесінің жинақтаушы құрамдауышындағы маңыздысы – инвестициялық құрамдас бөлігі: зейнетақы жарналары инвестицияланады және кіріс әкеледі. Бұл ретте қор нарығы әртүрлі қаржы құралдары арқылы отандық экономика салаларының дамуын қамтамасыз ететін ұзақ мерзімді капиталға қол жеткізеді. 1998 жылы инвестициялық кірістің үлес салмағы зейнетақы жинақтарының 6%, ал 1999 жылы – 20% жетті. Одан кейінгі жылдары да ол өсіп, өсуін әрі қарай жалғастыруда.

Зейнетақы қорлары бір кездері маңызды институционалдық инвесторларға, сондай-ақ, қазақстандық эмитенттердің бағалы қағаздарының негізгі сатып алушыларына айналды. Қадыржан Дамитов зейнетақы қорларының «Халықтық IPO» бағдарламасына белсенді қатысқанын атап өтті. Бұл Қазақстанның қор нарығының дамуына ықпал етті. 2013 жылы бүкіл ел бойынша қызмет еткен зейнетақы қорларын біріктірген БЖЗҚ ең ірі институционалдық инвестор болды.

— Барлық зейнетақы қорларын бір қорға біріктіру – оңай шешім емес, бірақ оның бірқатар жағымды жақтары бар. Енді БЖЗҚ-ның жалғыз акционері Үкіметтің атынан мемлекет, кәсіби тәжірибесі мол инвестициялық басқарушы ретінде Ұлттық банк зейнетақы капиталының сақталуына жауап беретін болды. БЖЗҚ қызметінің арқасында салымшылар мен зейнетақы активтерінің бірыңғай базасы құрылып, проблемалық активтерді қайтару бойынша үлкен жұмыстар атқарылды. Бастапқы реттеуден кейін, 2017 жылы БЖЗҚ-ның тәуелсіз директоры қызметін атқарған кезімде проблемалық активтер портфелі 40 млрд теңгені құрады. Бұл ретте, өтелген борыштың 70% 2017-2020 жылдар кезеңінде реттелді.

Сондай-ақ, өз қызметі кезеңінде БЖЗҚ ақпараттық жүйелерінің жұмысы едәуір жетілдіріліп, ішкі бақылау күшейтіліп, Қордың үздіксіз қызметін қамтамасыз ету бойынша тәуекелдерді басқару бөлігінде БЖЗҚ нұсқаулықтары мен қағидалары әзірленгенін және енгізілгенін атап өткім келеді. COVID-19 жаһандық пандемиясы сияқты сынақ БЖЗҚ-ның халыққа үзіліссіз, еш қиындықсыз қашықтықтан қызмет көрсетуді қамтамасыз ету қабілетін көрсетті. Осының өзі Қордың техникалық жарақтандыру, жоғары деңгейдегі бизнес-үрдістері және қуатты АТ-инфрақұрылымы бар екенін білдіретін жағдаят, — деген пікірімен бөлісті Қадыржан Дамитов.

Сұхбаттың қазақ тілінде жасалған субтитры бар шығарылымдарын БЖЗҚ ЕНПФ YouTube-арнасынан:

https://youtu.be/_G3G0xFJiFE

https://www.youtube.com/watch?v=IRTO86NTybk&list=PLfxOvFDKS5j9PCILWufKSp2IzIoxPxBSp&index=23

сілтемелеріне өтіп, тамашалаңыздар.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

 

 

БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын инвестициялау туралы есеп берді

Алдыңғы

Кадыржан Дамитов: планировалось, что пенсионная реформа станет толчком для развития фондового рынка в Казахстане

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *