Ақпарат ағыны

БЖЗҚ салымшыларының таза инвестициялық кірісі 8 айда 1 триллион теңгеден асты

0

2023 жылдың 8 айында БЖЗҚ салымшыларының шоттарына есептелген таза инвестициялық кіріс 1,04 трлн теңгеден асты. Ол өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 340,4 млрд теңгеге немесе 49% артық.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік жыл басынан бері 01.09.2023ж. жағдай бойынша 6,77% құрады.

Инвестициялық кіріс бағалы қағаздар (салымдар және басқа операциялар) бойынша сыйақы түріндегі кірістерден, қаржы құралдарын нарықтық және валюталық қайта бағалаудан, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістерден және т. б. жинақталады. ҚРҰБ және инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) зейнетақы активтерін инвестициялық кіріс алу мақсатында ҚР және шетелдегі экономиканың түрлі секторларының сенімді қаржы құралдарына түрлі валюталарда орналастырады. Осындай әртараптандыру есебінен тұрақты инвестициялық кірістілік қамтамасыз етіледі. БЖЗҚ зейнетақы активтері инвестициялық портфелінің құрылымындағы ҚРҰБ-тың қаржы құралдары бөлінісінде АҚШ долларында номиналданған қаржы құралдары – 30,70%, ұлттық валютада – 69,28%.

Зейнетақы жинақтары – ұзақ мерзімді инвестиция. Сәйкесінше, инвестициялық кірістің мөлшерін кем дегенде бір жыл кезеңіне талдаған жөн. Қысқа мерзімді деректер (күнделікті, айлық және т.б.) көрсеткіш бола алмайды, өйткені, олар күнделікті нарықтық жағдайға тәуелді.

Осылайша, инвестициялық кірістің қысқа мерзімді өзгерістері негізінен зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліндегі валюталық үлесті қайта бағалау салдарынан теріс бағамдық айырмашылықтың туындауына, сондай-ақ қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруіне байланысты.

Инвестициялық портфельді әртараптандыру (өткізу нарықтарының ассортиментін кеңейту және қайта бағдарлау), егер бір құрал бойынша табыс басқа құралдар бойынша уақытша залалдарды жабатын болса, зейнетақы жинақтарының сақталуын және тұрақты табыстылығын қамтамасыз етеді.

1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған сәттен бастап 2023 жылғы 1 қыркүйектегі инвестициялық кірістілік бүкіл кезеңдегі инфляция 729,41% болғанда, өспелі қорытынды 788,6% көрсетті.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына мемлекет тарапынан берілетін бірегей кепілдік бар. Төлем құқығы басталған кезде салымшының жинақталған кірістілігіне әсер еткен жекелеген кезеңдегі кірістіліктің төмендеуі үшін айырманың өтелуіне де мемлекет кепілдік береді.

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алудың барлық жүйесі ашық: әрбір салымшы enpf.kz сайтындағы Жеке кабинетінде немесе ұялы қосымшада өзінің инвестициялық табысын көре алады.

БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және БЖЗҚ зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың ресми сайтындағы (www.enpf.kz)  «Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет» бөлімінде жарияланады.

Көптеген қызықты және пайдалы ақпаратты, соның ішінде жинақтаушы зейнетақы жүйесі сарапшыларының зейнетақы активтерін инвестициялау туралы сұхбатын БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасынан көре аласыздар.

 БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

FIAP Президенті Гильермо Артур Чили зейнетақы жүйесінің ерекшеліктері мен болашағы туралы

Алдыңғы

ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша инвестициялық портфельдері

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *