Ақпарат ағыны

Мен өзімнің зейнетақы жинағымды жеке инвестициялық портфельді басқарушы компанияларға 100 % көлемде аудара аламын ба?

0

Салымшылар міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтарының 50% аспайтын бөлігін инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмай, осындай компанияны өз бетінше таңдай алады.

Ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшылар ғана зейнетақы жинақтарының 100% дейін ИПБ-ға бере алады.

Бұл ретте мемлекет зейнетақы жинақтарының сақталу кепілдігін жинақтардың Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) қарамағындағы бөлігіне ғана беретінін атап өткен жөн. Ал жеке басқаруға берілетін зейнетақы жинақтарының сақталуына және олардың табыстылығына салымшы таңдаған компания жауапты болады. Сондықтан зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ сенімгерлік басқаруына ауыстырмас бұрын, нарықтағы басқарушы компаниялардың қолданыстағы тізбесімен танысып, олардың БЖЗҚ сайтындағы инвестициялық декларацияларын, инвестициялық қызметке шолуларды зерделеп, таңдалған жеке компанияның тәжірибесі және жұмыс нәтижелерімен толығырақ танысып, ықтимал тәуекелдерді мұқият ескерген жөн. Сіз олар туралы ақпаратпен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын www.enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» — «Инвестициялық портфельді басқарушылар тізбесі» бөлімінен біле аласыз. МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі толық статистика да www.enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» — «Зейнетақы жинақтарын басқарушы компанияларға беру» бөлімінде қолжетімді.

 

Здравствуйте, скажите пожалуйста, если я недоволен результатами инвестиционной деятельности выбранной компании, управляющей моими пенсионными активами, когда я смогу перевести их назад под управление НБРК?

Алдыңғы

Қайырлы күн, Мен жақында химия өнеркәсібі кәсіпорнына технолог болып жұмысқа орналастым. Мамандығым зиянды еңбек жағдайларындағы жұмыстарда еңбек ететін қызметкерлердің өндірістерінің, жұмыстарының, кәсіптерінің тізіміне кіреді. Менің жұмыс берушім міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын өз бетінше төлеуге немесе оларды жалақымнан ұстап қалуға міндетті ме?

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *