Ақпарат ағыны

«БЖЗҚ» АҚ-дағы Ашық есік күніне шақырамыз: Әлеуметтік кодекс жаңашылдықтарына түсініктеме береміз

0

Халық арасында өткізілетін ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында «БЖЗҚ» АҚ 2023 жылғы 21 қыркүйекте «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі. Қазақстанның зейнетақы жүйесіндегі жаңашылдықтар» тақырыбында Ашық есік күнін өткізеді.  

БЖЗҚ ұйымдастырған Ашық есік күніндегі онлайн-кездесуде Қор мамандары қатысушыларға 2023 жылғы 1 шілдеден бастап Әлеуметтік кодекстің күшіне енуіне байланысты зейнетақымен қамсыздандыру саласында қандай жаңалықтар енгізілгені туралы түсініктеме береді.

ҚР Әлеуметтік кодексі Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты салымшылардың өз активтерін басқару жөніндегі құқықтарын кеңейту, зейнетке еңбек сіңірген жылдары бойынша шыққан зейнеткерлерге зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге және емделуге пайдалану, жерлеуге берілетін төлем көлемін ұлғайту, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ), зейнетақы жарналарының баршаға арналған міндетті сипаты, комиссиялық сыйақыны төмендету, емделуге және тұрғын үйге біржолғы зейнетақы төлемдерін алудың жаңа қағидалары бойынша бірқатар жаңалықтарды көздейді.

БЖЗҚ мамандары нақты мысалдарды қолжетімді және түсінікті түрде пайдалана отырып, енгізілген жаңалықтардың қолданылу тетігін түсіндіреді. Олардың әрқайсысын егжей-тегжейлі қарастырып, қызықтырған сұрақтарға жауап береді.

Отандастарымызды, барлық ниет білдірушілерді, сондай-ақ, БАҚ өкілдерін Әлеуметтік кодекстің зейнетақымен қамсыздандыруға қатысты негізгі ережелерін талқылауға арналған онлайн-кездесуге шақырамыз. Бұл журналистерге жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты жаңалықтарды түсіну және БАҚ-та жариялау үшін, сондай-ақ, кездесудің барлық қатысушыларына пайдалы болады деген үміттеміз.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 «БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы.

 

 

 

 

 

 

«БЖЗҚ» АҚ 2023 жылдың 21 қыркүйегінде 10:00де, 12:00де және 15:00де онлайн форматта Ашық есік күнін өткізеді.

Алдыңғы

«БЖЗҚ» АҚ-ның 2023 жылғы 1 тамыздағы негізгі көрсеткіштеріне шолу: зейнетақы жинақтары бір жылда 20% өсті

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *