Ақпарат ағыны

Қайырлы күн, Мен жақында химия өнеркәсібі кәсіпорнына технолог болып жұмысқа орналастым. Мамандығым зиянды еңбек жағдайларындағы жұмыстарда еңбек ететін қызметкерлердің өндірістерінің, жұмыстарының, кәсіптерінің тізіміне кіреді. Менің жұмыс берушім міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын өз бетінше төлеуге немесе оларды жалақымнан ұстап қалуға міндетті ме?

0

МКЗЖ-ны жұмыс берушілер Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 24 мамырдағы №170 бұйрығымен бекітілген кәсіптері жұмыскерлердің өндірістерінің, жұмыстарының, кәсіптерінің тізбесінде көзделген, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін жұмыскерлердің пайдасына өз қаражаты есебінен жүзеге асыратынын ескертеміз.

БЖЗҚ-ға төленуі тиіс міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының (МКЗЖ) мөлшері қызметкердің МКЗЖ есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табысының 5% құрайтынын атап өткен жөн.

Өндірістік объектілерді аттестаттау нәтижесі бойынша бұған дейін расталған зиянды еңбек жағдайлары жойылған жағдайда, агенттер міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді тоқтатады.

Агент БЖЗҚ-ға міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төменде көрсетілген адамдар үшін төлеуден босатылады:

1) зейнет жасына толған қызметкер;

2) әскери қызметшілер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ, арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім кию құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар;

3) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар.

 

Здравствуйте, скажите пожалуйста, если я недоволен результатами инвестиционной деятельности выбранной компании, управляющей моими пенсионными активами, когда я смогу перевести их назад под управление НБРК?

Алдыңғы

ЕНПФ представляет отчет об инвестировании пенсионных накоплений Инвестиционные портфели пенсионных активов на 1 августа 2023 года

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *