Ақпарат ағыныЖүгіртпе

Психолог мамандар Түркістан облысының полицейлері үшін тренинг өткізді

0

Полиция қызметкерлерінің эмоционалды және кәсіби шаршауының алдын алу, олардың стресстік жағдайларда психологиялық дайындығы мен моральдық төзімділік деңгейін арттыру мақсатында, маңызды шара ұйымдастырылды.

Түркістан облысы ПД Кадр саясаты басқармасы мен Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың психолог-мамандары, Түркістан қалалық полиция басқармасының полицейлері үшін «Ішкі істер органдары қызметкерлерінің стресске төзімділігі және төтенше жағдайларға психологиялық дайындығы» тақырыбында психологиялық сабақтар өткізді.
Оқу-жаттығу кезінде қару алу және жауынгерлік қарудан оқ атуға дайындық алдында тыныс алу жолдарын жақсарту мақсатында «тыныс алуды бақылау» психотехникалық жаттығулары өткізілді. Сондай-ақ полицейлер психологиялық орнықтылықты дамытуға бағытталған тренингтік жаттығулар да (жағдаяттық жағдайда өзін бағалау, күйзелістік жағдайды жеңу және т.б.) қатысты. Бұдан бөлек психологтар полиция қызметкерлерімен «менің өмірім» медитациясын «жалпы тыныс алу», «кедергілерді жеңу», «жіп курсы», «кір жуғыш машина», «Джунглидегі жаңбыр», «тығырықтан шығу» және т.б. жаттығуларға қатыстырып, ішкі көңіл-күйін бақылады.
Ал тәртіп сақшылары психологиялық тренингтерге белсенді қатысып, ерекше әсер алды. Тренинг соңында «Шеринг» жаттығуына қатысты. Кері байланыс ретінде қатысушылар тренингтен алған әсерлерімен бөлісіп, қызықты сабақтарды ұйымдастырғаны және өткізгені үшін психолог әріптестеріне алғыстарын білдірді.

М.ӘЙТЕНОВ КАНАЛДАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫН ТЕКСЕРДІ

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫЛАР ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА 23 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *