Басты ақпарат

Аусыл ауруының алдын алу – ортақ міндет

0

Аусыл – ірі қара, ұсақ мал және шошқа арасында кездесетін аса жұқпалы вирустық ауру. Ауру тез таралатындықтан, мал шаруашылығына елеулі экономикалық шығын келтіреді. Сондықтан әрбір мал иесі аурудың алдын алу шараларын қатаң сақтауы қажет.

Аусыл ауруының негізгі белгілері – малдың дене қызуының көтерілуі, тәбетінің төмендеуі, ауыз қуысының, тілдің, еріннің, желіннің және тұяқ арасының күлдіреуі, сілекейдің көп бөлінуі және ақсаңдап жүруі. Осындай белгілер байқалған жағдайда малды басқа малдан дереу оқшаулап, ветеринариялық маманға хабарлау қажет.

Аурудың алдын алу үшін малды ветеринариялық есепке қойып, уақытылы бірдейлендіру жұмыстарын жүргізу, ветеринариялық талаптарды сақтау, жаңадан сатып алынған малды белгілі бір уақыт оқшаулап ұстау және мал қораларын тұрақты түрде тазалап, залалсыздандыру маңызды.

Мал иелеріне малды ветеринариялық құжаттарсыз сатып алмауға және сатпауға, белгісіз жерден әкелінген малды қоспауға кеңес беріледі. Сондай-ақ ветеринариялық мамандар жүргізетін профилактикалық іс-шараларға белсенді қатысу қажет.

Аусыл ауруының таралуына жол бермеу – әрбір мал иесінің жауапкершілігі. Аурудың алдын алу талаптарын сақтау арқылы ғана төрт түліктің амандығын қамтамасыз етіп, мал шаруашылығын дамытуға өз үлесімізді қоса аламыз.

Ордабасы аудандық ветеринариялық қызметі мал иелерін ветеринариялық талаптарды қатаң сақтауға шақырады. Мал арасында күмәнді белгілер байқалған жағдайда, уақыт оздырмай өз ауылдарыңыздағы ветеринариялық маманға хабарласыңыз.
ТО Ветеринария басқармасының“ Ветеринариялық қызметі” ШЖҚ МКК Ордабасы аудандық филиалының эпизоотолог маманы Алишеров Азизбек Мухтаругли

Құрылтай – қоғамның өзекті мәселелерін шешетін ашық пікір алаңы

Алдыңғы

Эхинококкоздың алдын алу – маңызды міндет

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *