Түркістан облысында Құрылтай депутаттарын сайлау науқаны аясында тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында креативті брендтеу бағытындағы кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда.

Түркістан қаласындағы «Kinopark» және «Cinema» кинотеатрларымен келісімге сәйкес, сайлауға қатысты ақпараттық-түсіндіру материалдары кино билеттеріне орналастырылып, сондай-ақ әр киносеанс басталар алдында үлкен экрандар арқылы тұрақты түрде көрсетілуде.
Сонымен қатар, «Мечта», «Evrika», «Технодом», «Sulpak» және «Hi-Tech» тұрмыстық техника дүкендерімен бірлесіп, облыстағы 16 сауда-ойын-сауық орталығындағы сауда залдарында орналасқан теледидар экрандары арқылы ҚР Орталық сайлау комиссиясының ақпараттық материалдары көрсетілуде.

Креативті брендтеу жұмыстары қоғамдық тамақтану және сауда орындарын да қамтыды. Атап айтқанда, «Айжамал тәттілері» кондитерлік дүкенінде, «Global Coffee» кофеханасында, «Золото», «Иса-2», «Kok-Saray», «Family Hall», «Royal», «Keruen» мейрамханаларында, сондай-ақ «Бауырдақ», «Жеті тандыр», «Тары», «Сандық» және халық көп жиналатын өзге де қоғамдық тамақтану орындары мен сауда нысандарында ақпараттық материалдар мен брендтелген өнімдер орналастырылды. Жалпы саны 3000 дана брендтелген қағаз стақан ақпараттық науқанның символикасымен таратылды.
Бұдан бөлек, облыс аумағындағы аялдама павильондарының сыртқы беттеріне, қоғамдық көліктердің ішкі тұтқаларына «23 тамыз – Құрылтай сайлауына қатысыңыз!» ұранымен ақпараттық материалдарды орналастыру, сондай-ақ қоғамдық көліктердің сыртқы бөлігін брендтеу жөнінде келісімдерге қол жеткізілді.
Қазіргі таңда креативті брендтеу жұмыстарының ауқымын кеңейту, жаңа серіктестерді тарту және ақпараттық материалдар орналастырылатын алаңдардың санын көбейту бағытындағы жұмыстар жалғасуда.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі











Comments