Ордабасы ауданында «Дүниежүзілік сайлау күніне» арналған жоспарлы іс-шаралар жүзеге асырылды.
Атап айтқанда, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының бастамасымен аудандық және учаскелік сайлау комиссияларының қатысуымен, білім беру ұйымдарымен өзара ынтымақтастық аясында бірқатар өңірімізде бірқатар мазмұнды кездесулер, түсіндіру жұмыстары, жастармен диалог алаңдары, танымдық және ақпараттық-түсіндіру шаралары, сұхбаттар, диалогтар мен дебаттар өткізілді. Аудан аумағында 8 баннерлер мен LED экрандар орналастырылды. Іс-шараларды ұйымдастыру барысында Заң үстемдігі, Тәуелсіздік, Ашықтық, Инклюзивтілік, Кәсібилік және алқалылық қағидаттары қатаң сақталды.
60 — тан аса іс-шаралар ұйымдастярылып, 2500 жуық қатысушылар қамталды. Қатысушылардың 80-85 пайызы жастардан құралды.
Аталған шаралардың барлығы азаматтардың, әсіресе жас сайлаушылардың сайлау процесіне деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.
Жастардың белсенді қатысуы — өткізілген іс-шаралардың басты нәтижелерінің бірі. «Жас сайлаушылар клубы» арқылы жастар сайлау құқығы, азаматтық жауапкершілік және саналы таңдау жасау жөнінде нақты ақпарат алып, өз ойларын ашық білдіруге мүмкіндік алды.
Бұл — болашақта әділ әрі ашық сайлаудың берік негізі.
Өткізілген іс-шаралар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, сайлау мәдениетін қалыптастыруға және қоғамдағы сенімді нығайтуға өз үлесін қосты деп сеніммен айтуға болады.
Осы орайда, Дүниежүзілік сайлау күнін жоғары деңгейде ұйымдастыруға атсалысқан учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне, белсенді жастарға және барлық серіктес ұйымдарға шынайы алғысымды білдіреміз.
Алдағы уақытта да сайлау жүйесінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету, жастардың азаматтық белсенділігін арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасын таба береді.
Саналы таңдау — тұрақты даму кепілі!
Белсенді азамат — қуатты мемлекет!





Comments