Басты ақпарат

2025 жылы 14,9 мың тонна органикалық және минералды тыңайтқыштар қолданылып, өнімнің көлемі мен сапасы артты.

0

Ордабасы ауданының ауыл шаруашылығы саласы заманауи технологияларды енгізу арқылы қарқынды дамып келеді. Аудандағы агроқұрылымдардың саны 7 605 бірлікті құрап, оның ішінде 6 569 шаруа қожалық, 452 заңды тұлға және 584 жеке кәсіпкер бар. Ауыл шаруашылығында өндірілетін өнім көлемін арттыруға бағытталған жұмыстардың негізгі бөлігін заманауи техника мен инновациялық тәсілдер құрайды.

2025 жылы аудан шаруалары мемлекет тарапынан субсидияланып, жаңа заманауи техникаларға қол жеткізді. Мысалы, өткен жылы 117 бірлік жаңа техника сатып алынған болса, ағымдағы жылдың 11 айында 168 бірлік техника алынған. Бұл жоспардың толық 100%-ға орындалғанын көрсетеді. Жаңа техника егістік жерлерді өңдеу, өнімділік пен сапаны арттыруда шешуші рөл атқарады.

Аудандағы заманауи тәсілдердің бірі – су үнемдеу технологияларын енгізу. 2025 жылы 6 925 гектар жерге су үнемдеу жүйелері орнатылды, оның ішінде 1 395 гектарға тамшылатып суғару, 200 гектарға жабырлатып суғару әдісі енгізілді. Мысалы, Жеңіс ауыл округінде «ПК Дала» АӨК мақта дақылын 650 гектар жерге тамшылатып суғару тәсілімен егіп, гектарына 45 центнер өнім жинады. Бұл тәсіл тек суды үнемдеуге ғана емес, сонымен қатар мол және сапалы өнім алуға мүмкіндік береді.

Канал желілерін жаңғырту да инновациялық тәсілдердің маңызды бөлігі болып табылады. Ауданда 9 каналға күрделі жөндеу жүргізіліп, 51 каналдың 132 шақырымында механикалық тазалау жұмыстары аяқталды. Жобаларға Ислам даму банкі арқылы қаржыландыру қарастырылып, каналдардың тиімділігі артты. Бұл шаруаларға суды толықтай жеткізуге, егістік жерлерді тиімді пайдаланып, өнімділікті көтеруге мүмкіндік береді.

Заманауи техника мен инновациялық тәсілдердің екінші бағыты – тыңайтқыштарды тиімді пайдалану. 2025 жылы 14,9 мың тонна органикалық және минералды тыңайтқыштар қолданылып, өнімнің көлемі мен сапасы артты. Жаңа техника мен тыңайтқыштарды үйлестіріп пайдалану егін шаруашылығында мол өнім алуға жол ашады.

Ордабасы ауданының тәжірибесі көрсеткендей, заманауи технологияларды енгізу тек өнімділікті арттырып қана қоймай, ауыл тұрғындарының табысын көбейтіп, агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қолдау, техникалық жаңалықтар мен инновациялық тәсілдердің үйлесуі ауданды Қазақстандағы аграрлық дамыған өңірлердің біріне айналдырады.

Ордабасы ауданының мал шаруашылығы бойынша 2025 жылғы жетістіктер мен даму перспективалары

Алдыңғы

2025 жылы аудан көлемінде бірнеше ірі инвестициялық жобалар іске асырылды, олардың басым бөлігі ауылдық өндіріске арналған кешендер (АӨК) арқылы жүзеге асырылды.

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *