Басты ақпарат

Ордабасы ауданының жер қатынастары саласындағы жетістіктері: жерді тиімді пайдалану және соттық шешімдер

0

Аудандық жер қатынастары саласында 2025 жылы ауқымды жұмыстар жүргізілді. Адамдардың өтініштері мен арыздары мұқият қаралып, жер учаскелерін тиімді пайдалану бағытында шешімдер қабылданды. Бөлімге 3 989 өтініш келіп түсті, оның ішінде «Е-өтініш» жүйесі арқылы – 364, «Е-лицензия» жүйесі арқылы – 1 785, кеңсе арқылы тікелей – 1 913 өтініш.

Аудандық жер бөлу комиссиясы 36 отырыс өткізіп, 412 өтініш қаралды. Оның ішінде елді мекен ішіндегі жер учаскелері бойынша 242 өтініш оң қорытынды алып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша 87 өтінішке оң шешім берілді. Сонымен қатар, индустриалды аймақты кеңейту, Боралдай су қоймасы жобасы сияқты ауқымды жобалар үшін жер учаскелері мемлекет мұқтажы үшін қайтарылды.

Бұл жұмыстар жерді тиімді пайдалану, тұрғындардың құқықтарын қорғау және аудан экономикасына инвестициялық тартымдылықты арттыруға бағытталған.

2025 жылы 42 азамат жылыжай салуға ниет білдірді

Алдыңғы

Ордабасы ауданының мал шаруашылығын дамыту үшін ортақ жайылымдар маңызды рөл атқарады.

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *