Басты ақпарат

2025 жылы 42 азамат жылыжай салуға ниет білдірді

0

«Ауыл аманаты» бағдарламасы ауыл тұрғындарын қолдаудың тиімді құралы болып табылады. Бағдарламаның негізгі мақсаты – тұрғындардың кәсіпкерлігін дамыту, жылыжай кешендерін салуға қолдау көрсету және ауылдық жерлердегі өмір сапасын арттыру.

2025 жылы 42 азамат жылыжай салуға ниет білдірді, оның ішінде 30 адам бағдарлама аясында 2,5% жеңілдетілген несие алып, жалпы 250 млн теңге қаржыландырылды. Нәтижесінде, жылыжайлар іске қосылып, өнімдері нарыққа шығарылуда. Бұл шаралар ауыл тұрғындарының табысын арттыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берді.

Бағдарлама аясында ауыл округтерінде арнайы жобалар жүзеге асырылып, 29 жоба 152,2 млн теңгеге қаржыландырылды. Аудан әкімдігі мен мемлекеттік органдар тұрғындарға қолдау көрсетіп, ауыл шаруашылығын дамытудағы стратегиялық мақсаттарды іске асыруда.

Ордабасы ауданының агроөнеркәсіп кешенінде инвестиция тарту – ауыл шаруашылығын дамытудағы басты бағыттардың бірі.

Алдыңғы

Ордабасы ауданының жер қатынастары саласындағы жетістіктері: жерді тиімді пайдалану және соттық шешімдер

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *