Ақпарат ағыныБасты ақпарат

2025 жылы Ордабасы ауданының бірнеше ауыл округінде жалпы құны 9,5 млрд теңгені құрайтын 9 каналға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

0

Ордабасы ауданының ауыл шаруашылығында егін шаруашылығының өнімділігі көбінесе суармалы жерлердің тиімді пайдаланылуына байланысты. Су тапшылығы және канал инфрақұрылымының ескіргені ауылшаруашылық өнімдерінің көлемін төмендететін басты факторлардың бірі болып отыр. Сол себепті аудан әкімі мен жергілікті басқармалар суармалы жүйелерді жаңғыртуға ерекше назар аударып келеді.

2025 жылы Ордабасы ауданының бірнеше ауыл округінде жалпы құны 9,5 млрд теңгені құрайтын 9 каналға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Олардың қатарында Төрткөл ауыл округінен “Р-11-С”, “Р-11-К”, “Р-12”, Бөген ауыл округінен “ЛБК”, “Р-1”, Қажымұхан ауыл округінен “Найман”, “Қазыналық”, Жеңіс ауыл округінен «Р-6», Қараспан ауыл округінен “Қараспан” магистралды каналы бар. Қазіргі таңда «ЛБК» және «Р-11-С» каналдарының құрылысы аяқталса, «Қараспан» магистралды каналында аяқталуға жақын.

Суармалы жерлерді механикалық тазалау жұмыстары да белсенді жүргізілді. Ағымдағы жылдың көктем және күз айларында 51 каналдың 132 шақырымы тазаланды, бұл су ағынын жақсартуға және егін шаруашылығын толықтай қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, заманауи су үнемдеу технологияларын енгізу арқылы 6 925 гектар жерге тиімді суару жүйелері орнатылды. Оның ішінде 1 395 гектар жерге тамшылатып суғару, 200 гектар жерге жабырлатып суғару жүзеге асырылды.

Бұл жүйелердің енгізілуі суды тиімді пайдаланып қана қоймай, өнімділікті арттыруға да бағытталған. Мысалы, Жеңіс ауыл округіндегі «ПК Дала» АӨК 650 гектар жерге мақта дақылын тамшылатып суғару тәсілімен егіп, гектарына 45 центнер өнім жинады. Су үнемдеу технологиялары судың ғана үнемделуін емес, сонымен қатар мол және сапалы өнім алу мүмкіндігін де қамтамасыз етеді.

Бұдан бөлек, Ордабасы ауданында суармалы жерлерді ұзақ мерзімді дамытуға арналған үлкен жобалар қолға алынып отыр. «Боралдай» су қоймасының құрылысы басталды, оның көлемі 45,5 млн м³ және Ордабасы, Арыс, Отырар, Сауран аудандары мен Түркістан қаласындағы 67 мың гектар суармалы жерді қамтамасыз етуді жоспарлайды. Су қоймасының іске асуы судың жетіспеушілігін шешіп, егін шаруашылығының көлемін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

Қорытындылай келе, Ордабасы ауданының суармалы егістік жүйесін жаңғыртудағы шаралары – ауыл шаруашылығын тұрақты дамыту, өнімділікті арттыру және өңір тұрғындарының әл-ауқатын көтеру бағытындағы стратегиялық маңызды қадам. Заманауи технологияларды енгізу, каналдарды күрделі жөндеу және су үнемдеу жүйелерін орнату арқылы ауданның аграрлық секторы жаңа деңгейге көтерілуде.

Ауылдық кәсіпорындарды дамыту және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жобалар

Алдыңғы

2025 жылы Ордабасы ауданында инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында 8 гектар жер телімі ауданды қорға қайтарылды.

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *