Ақпарат ағыныБасты ақпарат

Ордабасы ауданының жалпы ауылшаруашылық жер көлемі 216,3 мың гектар болса, оның 88,1 мың гектары егістік жерлерге арналған.

0

Ордабасы ауданының экономикасын дамытудың негізгі бағыттарының бірі – егін шаруашылығы. Ауданның жалпы ауылшаруашылық жер көлемі 216,3 мың гектар болса, оның 88,1 мың гектары егістік жерлерге арналған. 2025 жылы егін шаруашылығында 71,2 мың гектарға түрлі ауылшаруашылық дақылдары егілді.

Атап айтқанда:

  • Масақты дақылдар – 30,1 мың га

  • Дәнді жүгері – 7,0 мың га

  • Көкөніс – 3,5 мың га

  • Картоп – 357 га

  • Майлы дақылдар – 5,4 мың га

  • Мақта – 7,2 мың га

  • Бақша – 1,5 мың га

  • Мал азықтық дақылдар – 16,1 мың га

2025 жылдың 11 айында жалпы 391,8 мың тонна өнім жиналды. Нақтырақ айтсақ:

  • Масақты дақылдар – 41,3 мың тн

  • Көкөніс – 91,1 мың тн

  • Картоп – 7,4 мың тн

  • Майлы дақылдар – 4,5 мың тн

  • Бақша – 35,3 мың тн

  • Жүгері – 76,7 мың тн

  • Мақта – 22,5 мың тн

  • Мал азықтық дақылдар – 112,7 мың тн

Егін шаруашылығының жоғары өнімділігі агроқұрылымдардың техникалық қамтамасыз етілуімен тығыз байланысты. 2025 жылы 168 бірлік жаңа техника сатып алынып, барлық шаруашылықтарда заманауи техника белсенді пайдаланылуда. Бұл жұмыстар егістіктерді өңдеуді жылдамдатып, өнімділікті арттыруға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, егістік алқаптарды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету де маңызды фактор болып табылады. 2025 жылы 14,9 мың тонна органикалық және минералды тыңайтқыштар қолданылып, жердің өнімділігін арттыруға жағдай жасалды.

Суармалы жүйелерді жетілдіру арқылы да егін шаруашылығының тиімділігі жоғарылады. Тамшылатып және жабырлатып суғару технологияларын енгізу өнімділікті айтарлықтай арттыруға септігін тигізді. Мысалы, Жеңіс ауыл округіндегі мақта дақылының гектарына 45 центнерден өнім алынуы – бұл су үнемдеу технологиясының тиімділігін көрсетеді.

Қорытындылай келе, Ордабасы ауданының егін шаруашылығы заманауи технологияларды қолдану, суармалы жүйелерді жетілдіру және тыңайтқыштарды тиімді пайдалану арқылы ауыл шаруашылығы өнімділігін арттыруда. Бұл бағыт ауыл экономикасын тұрақты дамытуға және агроөнеркәсіп кешенін нығайтуға маңызды үлес қосуда.

Ордабасы ауданының ауылдық жерлерінде халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту және агроөнеркәсіптік секторды дамыту мақсатында «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасы белсенді жүзеге асырылуда.

Алдыңғы

Ордабасы ауданының суармалы жерлерін дамыту: мол өнімнің кепілі

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *