Ақпарат ағыныБасты ақпарат

Ордабасы ауданының ауыл шаруашылығын дамытудың маңызды бағыты – мал шаруашылығы.

0

Ордабасы ауданының ауыл шаруашылығын дамытудың маңызды бағыты – мал шаруашылығы. Бұл сала ауыл тұрғындарының тұрақты табысын қамтамасыз етуге, ет, сүт және жұмыртқа өнімдерін өндіруге, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешенінің дамуына үлкен үлес қосады.

2025 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша ауданның мал басы келесі көрсеткіштерге жетті: ірі қара мал – 84,9 мың басты (104,5%), қой және ешкі – 476,2 мың басты (102,5%), жылқы – 34,2 мың басты (107,6%), түйе – 870 басты (102,6%), құстар – 391,2 мың басты (154,5%). Бұл көрсеткіштер мал шаруашылығындағы өсімді, ауылшаруашылығы өнімдерінің тұрақтылығын айқын көрсетеді.

Мал өнімдері де тұрақты өсіп келеді. 10 айдың ішінде өндірілген ет көлемі – 13,6 мың тонна, сиыр сүті – 21,0 мың тонна, тауық жұмыртқалары – 9,6 млн дана болды. Бұл өнімдер аудан тұрғындарының азық-түлікпен қамтамасыз етілуіне және өңірлік нарыққа жеткізілуіне мүмкіндік береді.

Мал шаруашылығын дамыту бағытында бірнеше маңызды іс-шара жүзеге асырылуда:

  1. Мал азығын өндіру: 2025 жылы мал азықтық дақылдар 16,1 мың гектар жерге егіліп, 112,7 мың тонна өнім алынған. Бұл мал азығының жеткілікті мөлшерін қамтамасыз етеді және мал өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

  2. Заманауи технологияларды енгізу: Мал шаруашылығында жаңа техника мен құрал-жабдықтарды қолдану мал өнімділігін арттыруға ықпал етеді.

  3. Ауыл шаруашылығы кооперативтері: АӨК құрылуы арқылы мал шаруашылығындағы кооперативтік жұмыс дамып, өнімді тиімді ұйымдастыру мүмкіндігі туды.

Ауданның мал шаруашылығын дамыту стратегиясы ауыл тұрғындарының табысын арттыруға, ауыл экономикасын нығайтуға және ауылдық жерлерде тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған.

Ордабасы ауданы мал шаруашылығын дамытуда тұрақты өсімді қамтамасыз етіп, ауылшаруашылығы өнімдерінің көлемін арттыруға және агроөнеркәсіп кешенін нығайтуға нақты үлес қосуда.

у үнемдеу технологиялары тек суды үнемдеумен ғана шектелмейді

Алдыңғы

Ордабасы ауданының ауылдық жерлерінде халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту және агроөнеркәсіптік секторды дамыту мақсатында «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасы белсенді жүзеге асырылуда.

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *