Басты ақпарат

АЭС: ДӘЙЕК ПЕН ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ҚАТЕ ТҮСІНІКТЕР ТУРАЛЫ СТУДЕНТТЕРМЕН ПІКІР АЛМАСУ ӨТТІ

0

Аудандық №18 колледж ғимаратында Ынталы топтың бекіткен кестесіне сәйкес, АЭС салу бойынша, жалпыұлттық референдумды өткізуді түсіндіру мақсатында кездесу өткізілді.

 
Кездесудің мақсаты — ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жыл сайынғы халыққа Жолдауын, кеңінен насихаттау және 6 қазан күні өтетін елімізде АЭС салу бойынша жалпы ұлттық референдумның маңыздылығы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Кездесу барысында топ мүшелері Президент Жолдауында айтылған маңызды міндеттерді түсіндірді. Сондай-ақ 6 қазан күні өтетін АЭС салу мақсатында жалпы ұлттық референдумның маңыздылығы мен АЭС-тің еліміздің экономикалық дамуына тигізетін әсері туралы біршама маңызды мәселелерді атап, дауыс беруге қатысқалы отырған тұрғындар мен студенттерге алдағы референдумға белсене қатысуға шақырды.

Кездесуде аудандағы ынталы топтың мүшесі, М.Исламқұлов атындағы жалпы білім беретін мектептің физика пәнінің мұғалімі Ерсинов Сейітжан атом электростанциясының тиімділігі мен оның айналасындағы бірқатар қате түсініктерге жол бермеу жөнінде насихаттық түсініктер бойынша баяндама жасады.
Кездесу жиналысын «Ордабасы аудандық ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бостандық Жәкей ашып, жүргізіп отырды.
Қатысушылар тарапынан түскен сұрақтар бойынша нақты түсіндірмелер берілді.

АТОМ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫН САЛУ — ЕЛІМІЗ ҮШІН МАҢЫЗДЫ

Алдыңғы

«Алақандағы құндылық»

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *