📣АЭС салу жөніндегі республикалық референдумды түсіндіру мақсатында Ынталы топ ҮЕҰ өкілдерімен кездесті.
🔹Басқосуда ынталы топ өкілдері өңірімізге атом электр станцияларын пайдалану жаңартылған энергия көздерінен айтарлықтай артықшылығы бар екенін жеткізді.
Олардың пайымдауынша, ЖЭК-ті дамыту өзіне тән энергетикалық стратегиясының маңызды бөлігі ретінде қарастырылғанымен, ол атом электр станцияларындай әрқашан тиімді емес. Бұл ретте күн және жел электр станциялары сияқты жаңартылатын энергия көздері табиғи жағдайларға тікелей байланысты әрі энергияның тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін энергияны сақтау технологияларына елеулі инвестицияларды талап етеді.
💬«Атом электр станциялары тұрақты және болжамды электр энергиясын өндіруге қабілетті. Бұл – әсіресе, өнеркәсіп пен ірі қалалар үшін аса маңызды. Сонымен қатар уранның үлкен қорына ие Қазақстан көміртегі шығарындыларын барынша азайта отырып, энергетикалық қажеттіліктерін қанағаттандырудың тиімді және экологиялық таза тәсілі ретінде атом электр станцияларын пайдалана алады. Осылайша, елдің энергетикалық жүйесінің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жаңартылатын энергия көздері мен атом электр станцияларын дамытуды біріктіру оңтайлы стратегия болмақ», – деді Сарыбай Берік.
Comments