Басты ақпарат

«Бойыңды түзе — Жас сарбаз» атты патриоттық іс-шара өтті

0

Бүгін аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Жастар ресурстық орталығында «Бойыңды түзе — Жас сарбаз» атты патриоттық іс-шарасы өтті.


Аталған жиынға аудандағы 52 мектептің алғашқы әскери және технологиялық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушылары, 200 – ге жуық жоғарғы сынып оқушылары қатысты.
Жиын басында аудандық «Ақсақалдар кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Т.Әбдіқайымұлы, «Құрметті азамат» Н.Иманқұлұлы және Қажымұқан ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Оңалбеков іс-шараны ашып беріп, бүгінгі күні балалардың патриоттық тәрбиесі патриоттық сананы, өз Отанына деген адалдық пен сүйіспеншілік сезімін қалыптастырады- деп, жастарға ізгі тілегін жеткізді.
Жиын аудан көлемінде жастарды әскери патриоттық тәрбилеу, салауатты өмір салтын ұстану мен Отан алдындағы борышын адал атқару бойынша насихаттауға арналған.


Аталған шарада жас сарбаздар автоматты шашып жинау, автоматты саптық дайындық элементтерін, қоян қолтық ұрыс және көк туды жоғарыға көтеру пирамида көріністерін көрсетті.
Бұл жоғарғы сынып ұлдар мен қыздар арасынан өткен әскери патриоттық ауқымды іс-шара барысында әр оқушылардың жауапкершілікпен атқарған көріністері арнайы келген қатысушы көрерменнің көңілінен шыға білді.

ЫНТАЛЫ ТОП АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Алдыңғы

Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биылғы 6 қазанда өтеді

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *