Ордабасы аудандық мәслихат төрағасының
ШЕШІМІ
Темірлан ауылы № 17 «17» шілде 2024 жыл
Аудандық мәслихаттың сегізінші
шақырылымындағы кезектен тыс
17 — сессиясына шақыру туралы.
Аудандық мәслихат депутаттары мен тұрғындар назарына.
Қазақстан Республикасының 2001-жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» №148 Заңының 18-бабы, 4-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, Ордабасы аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымындағы кезектен тыс 17 – сессиясы 2024 жылы 26 – шілдеде сағат 11-00 де Темірлан ауылы, Т.Рысқұлов көшесі, №14 мекен-жайында аудандық мәслихаттың мәжіліс залында өтеді. Аудандық мәслихаттың барлық тұрақты комиссияларының мәжілісі 2024 жылы 26 – шілдеде сағат 10-00 де басталады.
Сессия қарауына мынадай мәселе ұсынылады:
- Ордабасы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №10/1 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Аудандық мәслихаттың төрағасы Б.Жұмабеков
Comments