Басты ақпарат

Ордабасы ауданының шаруалары егістік жерлерді өңдеуде заманауи технологияларды қолдануда.

0

Ордабасы ауданының аграрлық дамуының басты аспектілерінің бірі – егістік жерлерді тиімді пайдалану. Аудан экономикасы негізінен ауыл шаруашылығына бағытталғандықтан, егістік жерлердің көлемі мен сапасы, оны суару және тыңайтқыштармен қамтамасыз ету маңызды стратегиялық бағыт болып табылады.

Аудандағы жалпы егістік жер көлемі 88,1 мың гектарды құрайды. Оның ішінде суармалы жер – 34,4 мың гектар, тәлімге берілген жер – 53,7 мың гектар. 2025 жылы өсімдік шаруашылығы бойынша 71,2 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Атап айтқанда, масақты дақылдар – 30,1 мың га, дәнді жүгері – 7 мың га, көкөніс – 3,5 мың га, картоп – 357 га, майлы дақылдар – 5,4 мың га, мақта – 7,2 мың га, бақша – 1,5 мың га, мал азықтық дақылдар – 16,1 мың га.

Жалпы өнім көлемі – 391,8 мың тонна. Олардың ішінде масақты дақылдар – 41,3 мың тонна, көкөніс – 91,1 мың тонна, картоп – 7,4 мың тонна, майлы дақылдар – 4,5 мың тонна, бақша – 35,3 мың тонна, жүгері – 76,7 мың тонна, мақта – 22,5 мың тонна, мал азықтық дақылдар – 112,7 мың тонна. Бұл көрсеткіштер егістік жерлерді тиімді пайдалану нәтижесінде алынған өнімділікті айқын көрсетеді.

Аудан шаруалары егістік жерлерді өңдеуде заманауи технологияларды қолдануда. Көктемгі және күзгі науқан барысында 370 агроқұрылым төрағаларына 6,2 мың тонна жеңілдетілген жанармай бөлінді. Сонымен қатар, егістік жерлерді тыңайтқыштармен қамтамасыз ету мақсатында 14,9 мың тонна органикалық және минералды тыңайтқыштар қолданылды. Бұл шаралар өнім көлемін арттыруға және топырақ құнарлылығын сақтау мақсатында жүргізілді.

Ордабасы ауданы егістік жерлерді суармалы ету арқылы өнім сапасын арттыруда. Суармалы жерлерге тамшылатып және жабырлатып суғару жүйелерін енгізу арқылы суды тиімді пайдаланып қана қоймай, мол өнім алуға мүмкіндік беретін жаңа технологиялар белсенді қолданысқа енгізілуде. 2025 жылы 73 шаруашылық 1 595 гектар жерге су үнемдеу технологияларын енгізді.

Сондай-ақ, егістік жерлерді жаңарту мен күрделі жөндеу жұмыстары аясында 9 каналға күрделі жөндеу жүргізіліп, жалпы құны 9,5 млрд теңге болатын жобалар іске асырылуда. Бұл шаралар ауданның ауыл шаруашылығы саласындағы тұрақты дамуына, мол өнім алуға және ауыл тұрғындарының табысын арттыруға тікелей әсер етеді.

Қорытындылай келе, Ордабасы ауданының егістік жерлерін тиімді пайдалану тәжірибесі ауыл шаруашылығында өнімділікті арттыруға, заманауи технологияларды енгізуге және жер ресурстарын ұтымды пайдалануға бағытталған кешенді стратегияның нәтижесі болып табылады.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы ауыл кәсіпкерлеріне тұрақты қолдау көрсетеді.

Алдыңғы

Ордабасы ауданында мал шаруашылығын қолдау бойынша мемлекет тарапынан субсидиялар мен жеңілдіктер қарастырылған.

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *