Ақпарат ағыны

2024 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдері

0
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

2024 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша ҚРҰБ және  ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдері

 

«БЖЗҚ» АҚ (бұдан әрі — БЖЗҚ) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі — ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі — ИПБ) зейнетақы активтерін басқарулары туралы есепті enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер-Инвестициялық қызмет» бөлімінде ұсынады.

2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 18 509,38 млрд теңгеден асты. 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі — МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі — МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі — ЕЗЖ)[1] есебінен қалыптастырылған БЖЗҚ-ның сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері (бұдан әрі — ЗА) 18 449,01 млрд теңгені[2].  құрады. ҚРҰБ-ның сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған ҚРҰБ зейнетақы активтерінің көлемі 18,5 млрд теңгеден асты.

ИПБ  басқаруындағы зейнетақы активтері 41,87 млрд теңгеден асты.

 

ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі

 

2024 жылғы 1 наурызға МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған ҚРҰБ зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 46,74%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 9,83%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 4,31%, ҚРҰБ депозиттері -3,28%, акциялар және депозитарлық ҚР эмитенттерінің қолхаттары — 2,01%, ХҚҰ – 1,95%.

2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 67,8%, АҚШ долларымен – зейнетақы активтері портфелінің 32,2%.

Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен «кері РЕПО» операциялары бойынша және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер 275,12 млрд теңгені, сыртқы басқарудағы активтер бойынша – 103,05 млрд теңгені құрады. Шетел валютасын қайта бағалау теріс сипат алды және 26,41 млрд теңге болды. Басқа шығындар 0,65 млрд теңге.

Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелін құралдар, салалар және валюталар бойынша әртараптандыру есебінен 2024 жылдың қаңтар-ақпан айларындағы жалпы табыс оң болып табылады.

Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан есептелген инвестициялық табыс мөлшері 2024 жылдың басынан бастап 351,12 млрд теңге болды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткішінен 67,05%  немесе 140,93 млрд теңгеге артық.

Салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі 2024 жылдың басынан бастап 1,91%  болды.

2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша ЗА ЖМЗЖ  инвестициялаудың негізгі бағыттары келесідей: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 72,26%, РЕПО операциялары – 18,58%, инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат — 9,16%.

ЗА ЖМЗЖ инвестициялық портфеліне тек ұлттық валютада көрсетілген қаржы құралдары кіреді.

2024 жылдың басынан бастап 2024 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша ЗА ЖМЗЖ бойынша есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 14,58 млн теңге болды. 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 2024 жылдың басынан бергі кезеңдегі ЗА ЖМЗЖ  кірістілігі — 0,11%.

Естеріңізге сала кетейік, орта және ұзақ мерзімді перспективада зейнетақы жинақтарының оң нақты (жинақталған инфляциядан асатын) кірістілігі қамтамасыз етіледі.

Эмитенттерді көрсете отырып, ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында орналастырылған. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфельдің құрылымы туралы ақпарат орналастырылған.

                          Инвестициялық портфельді басқарушылар

 

ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 41,87 млрд теңгеден асады.

01.03.2024 ж. жағдай бойынша «Jusan Invest» АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 7,5 млрд теңгеден асты.

Компанияның негізгі инвестициялары: ҚР ҚМ МБҚ – 38,28%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 26,32%, РЕПО – 13,69%, шет мемлекеттердің МБҚ – 7,74%, ҚР екінші деңгейдегі банктердің облигациялары – 5,45%. Айта кетейік, портфельдің 64,22% мөлшері теңгемен, 35,78% —  АҚШ долларымен ұсынылған.

Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан 2024 жылдың алғашқы 2 айында есептелген инвестициялық табыс мөлшері 137,63 млн теңгені құрады. Зейнетақы активтерінің кірістілігі 1,88%.

«Jusan Invest» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы эмитенттерді көрсете отырып, БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

 

01.03.2024 ж.жағдай бойынша «Halyk Global Markets» АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 3,6 млрд теңгеден асты.

Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: «кері РЕПО» (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 44,72%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 11,61%, ХҚҰ облигациялары – 7,29%, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар – 6,91%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары — 5,62%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары — 5,52%. Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 76,57%, АҚШ долларымен  23,43%   құрады.

 

Инвестициялық қызмет нәтижесінде 2024 жылдың басынан бастап есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 2024 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша 52,26 млн теңге болды. Зейнетақы активтерінің кірістілігі — 1,41%.

Эмитенттерді көрсете отырып, «Halyk Global Markets» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

 

01.03.2024 ж.жағдай бойынша «BCC Invest» АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 4 млрд теңгені құрады.

Инвестициялардың негізгі бағыттары: РЕПО – 24,41%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 20,66%, пайлар (индекстерге ETF) – 15,42%, ҚР мемлекеттік облигациялары – 12,94%, ҚР ЕДБ облигациялары – 8,16%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 7,53%, АҚШ мемлекеттік облигациялары – 3,62%, ҚР эмитенттерінің акциялары және депозитарлық облигациялардың қолхаттары – 2,40%, ХҚҰ облигациялары — портфельдің 2,26%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 73,58%, АҚШ долларымен  26,42% инвестицияланды.

Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 2024 жылдың алғашқы 2 айында есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 38,28 млн теңге болды. Зейнетақы активтерінің кірістілігі-0,96%.

Эмитенттерді көрсете отырып, «BCC Invest» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

 

01.03.2024 ж. жағдай бойынша «Сентрас Секьюритиз» АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 1,1 млрд теңгеден асты.

ҚР ҚМ МБҚ активтердің 30,97%, РЕПО – 25,23%, квазимемлекеттік ұйымдардың облигацияларына – 16,3%, акциялар мен депозитарлық қолхаттарға, ҚР эмитенттеріне – 8,05%, ҚР ЕДБ облигацияларына — 7,33%, АҚШ мемлекеттік облигацияларына — 7,23%, инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражаттарға — 2,16% инвестицияланды. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 75,2%, АҚШ долларымен  22,8%, канадалық доллармен  1,99% инвестицияланды.

Инвестициялық қызмет және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі нәтижесінде 2024 жылдың басынан бастап есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 2024 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша 34,17 млн теңгені құрады. Зейнетақы активтерінің кірістілігі-2,99%.

«Сентрас Секьюритиз» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы эмитенттерді көрсете отырып, БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

 

2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша «Қазақстан Халық Банкінің «Halyk Finance ЕҰ» АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 25,6 млрд теңгеден асты.

 

Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар келесідей: «кері РЕПО» (90 күнтізбелік күннен аспайтын) – 54,23%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 8,62%, шет мемлекеттердің МБҚ – 7,44%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 5,26%, шоттардағы ақшалай қаражат — 4,60%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары -3,76%.

Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 75,48%, АҚШ долларында  24,31%, еурода — 0,21% инвестицияланды.

Инвестициялық қызмет нәтижесінде 2024 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 2024 жылдың басынан бастап 317,17 млн теңгені құрады. Зейнетақы активтерінің кірістілігі -1,47%.

«Қазақстан Халық банкінің «Halyk Finance ЕҰ» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы эмитенттерді көрсете отырып, БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

 

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмай, міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтарының 50%-дан аспайтын бөлігін мұндай компанияларды өз беттерінше таңдап, сенімгерлік басқаруға бере алады. Ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшылар оларды ИПБ-ге 100% көлемінде бере алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

[1]міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналарынан қалыптасқан

[2] зейнетақы жарналары мен төлемдері шоттарындағы ақша есебінсіз

Отандастарымыз зейнетақы капиталын басқаруға берілген мүмкіндікті қалай пайдалануда?

Алдыңғы

Инвестиционные портфели пенсионных активов под управлением НБРК и УИП по состоянию на 1 марта 2024 года

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *