«БЖЗҚ» АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Банк-Клиент » қашықтан банктік қызмет көрсету жүйесіне көшудің аяқталуына байланысты зейнетақы жарналарын 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап БЖЗҚ-ның жаңа деректемелері бойынша ғана аударуға болатынын хабарлайды.
Атауы | Деректемелері |
Бенефициар БСК | NBRKKZKX |
Бенефициар ЖСК | KZ92125KZT1002303300 |
Бұл ақпарат, ең алдымен, ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) өз бетінше немесе жұмыс берушілер арқылы екінші деңгейдегі банктер және «Қазпошта»АҚ бөлімшелері арқылы аударатын салымшыларға арналған.
Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударуға келетін болсақ, олар Мемлекеттік корпорацияға аударылуы тиіс. Ол, өз кезегінде, аталмыш жарналарды БЖЗҚ-ға өзекті деректемелер бойынша аударады.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
Comments