Басты ақпарат

17 қараша — ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніӨРІСТІ МАЛҒА, ДАСТАРҚАНДЫ НАНҒА ТОЛТЫРҒАНДАР МЕРЕКЕСІ

0

Ауданымыздың экономикалық дамуының негізгі қозғаушы күші – ауылшаруашылығы. Жергілікті халықтың халықтың негізгі табыс көзі де осы сала.

Несібесін еткен еңбегінен күткен жерлестеріміз  үшін биыл  жемісті жыл болып, мол өнімділікке қол жеткізілді.

Ағымдағы жылдың                   9 айында ауылшаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 54 млрд. 819 млн. теңге болып,  өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7 млрд. 600 млн. теңгеге артты.

Ауылшаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар –   9 млрд. 700 млн. теңгеге жетті.

Диқандарымыз ағымдағы жылы 71 600 гектарға  ауыл шаруашылығы дақылдарын  егіп 327 260 тонна  өнім жинады.

Атап айтар болсам, 27 092 гектар   бидайдан  — 56 893,  3114 гектар   арпадан  4 359, 5 228 гектар  майлы дақылдардан,  оның ішінде  – 149 гектар күнбағыстан — 298,  5 079 гектар мақсарыдан – 5 588, 3 148 гектар  ашық топырақта өсірілген көкөністерден   – 80 274,  632 гектар картоптан   — 12 956,– 1 780 гектар бақша дақылдарынан   68 423,  – 6982 гектар дәндік жүгеріден    37 736 тонна,  6 400 гектар  мақтадан  – 22 400 тонна өнім алынды.

Еңбеккерлеріміздің   бұрын үйренісіп қалған ауыл шаруашылығы өнімдерімен ғана емес, заманауи техналогияларды қолдана  отырып жаңашылдыққа ұмтылуы ауылшаруашылық саласына үлкен серпін беруде.

Мәселен, ағын суды үнемді пайдаланып, мол өнім алу бағытында ағымдағы жылы – 110 гектар егістік алқапқа жаңбырлатып суғару әдісі, 1073 гектарға  тамшылатып суғару әдісі ендірілді.

Егістік жерлерді тиімді пайдалану мақсатында 1 алқаптан жылына 2-3 рет өнім алу жобасымен 141 шаруа қожалығы 411 гектарға  өнім егіп, нәтижесінде бірінші  дақылдан  – 9 854 тонна, екіншіден 7 698 тонна өнім жиналды.

Жыл басынан бері – 18 гектарға  жылыжай құрылысы жүргізіліп, аудандағы жалпы жылыжай алаңы – 127 гектарға жетті.

Облыстағы бірегей өнеркәсіптік жылыжайлардың бірі «Аделя» шаруа қожалығы  16 гектар жылыжай кешені тұрақты  көкөніс өнімдерін өндіріп, Ресей мемлекетіне 8514 тонна  қияр, қызанақ өнімдерін экспортқа шығарды.

Мал шаруашылығы саласында 11 667 тонна ет өндіріліп, Ірі қара мал 1578 пайызға, қой 117 пайызға, ешкі 2 есеге, жылқы– 125 пайызға, құстар  115,5 пайызға артып отыр.

Каналдардың су өткізу қабілеттілігін арттыру мақсатында 9,5 млрд. теңге қаралып, 9 каналға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Мемлекет басшысының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан ауыл халқының әлеуетін арттыруға бағытталған «Ауыл Аманаты» пилоттық жобасына енгізілген  Бадам, Шұбар, Қараспан ауылдық округтен 8 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып, 261 адам 1 млрд. 722 млн. теңгеге  қаржыландырылды.

Құрметті ауылшаруашылық еңбеккерлері!

Күз дегеніміз — байлық, молшылық жазира даланың дарқан дастарқаны мен молшылықтың нышаны.

Қырманды қызыл дәнге толтырып, төрт түлікті төлдетіп, мал басын көбейтуде жылдың төрт мезгілінде тынбай еңбек етіп жатқан ауылшаруашылық еңбеккерлерінің адал еңбегі мен маңдай тері.

«Ырыс алды – ынтымақ» деп, келешекке үлкен сеніммен көз тастаған Ордабасы – рухани дамыған, берекесі мен бірлігі  біте қайнасқан құтты мекен.

17 қараша –  Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын! Алдағы уақытта  бұдан да еселенген еңбектің арқасында жетістіктерге жетіп, берекелі бірліктің бастауына айналған Ордабасы ауданымыздың дамуына өзіндік үлестеріңізді қоса беретіндіктеріңізге сенемін. Істеріңізге береке, отбасыларыңызға амандық тілеймін.

 

 

Берік АЛТЫНБЕКОВ,

ауыл шаруашылығы және жер бөлімінің басшысы.

 

 

ОРДАБАСЫ: «ТУҒАН ЖЕРДІ ЖАСЫЛДАНДЫРУ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА»

Алдыңғы

15 қараша – Ұлттық валюта күні ТӨЛ ТЕҢГЕГЕ 31 ЖЫЛ

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *