Ақпарат ағыны

1. Ерікті зейнетақы жарналары деген не? Оны дұрыс аудару үшін не істеу керек?

0

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі аясында Қазақстанда жарналардың мынадай түрлері жүзеге асырылады: міндетті (қызметкер табысының жұмыс беруші ай сайын аударатын 10%), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (зиянды және қауіпті мамандықтарда еңбек етіп жүрген қызметкерлер табыстарының 5%, оны жұмыс беруші өз бюджетінен төлейді), сондай-ақ, 2024 жылдан бастап енгізілген жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ),  1975 жылы және одан кейін дүниеге келген барлық жұмыскерлер үшін (2024 жылы 1,5% басталып, біртіндеп өсірумен 2028 жылы 5% дейін). Сондай-ақ, жеке және заңды тұлғалар аудара алатын ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) да бар. Жеке тұлғалар ерікті зейнетақы жарналарын өздері және (немесе) жақындары үшін өз табысы есебінен, ал заңды тұлғалар – өз қызметкерлерінің және (немесе) үшінші тұлғалардың пайдасына аударады. Бұл жарналардың осы түрінің басты артықшылықтарының бірі.

Ерікті зейнетақы жарналарын екінші деңгейдегі банктер, Қазпошта арқылы, сондай-ақ, жұмыс берушіге өтініш беру жолымен аударуға болады. Жұмыс беруші осы өтініш негізінде ЕЗЖ-ны БЖЗҚ-ға мәлімделген адамның пайдасына аударады. ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін алу тәртібін БЖЗҚ зейнетақы ережелеріне сәйкес алушы дербес айқындайды.

Шарт жасасу және ЕЗЖ бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін БЖЗҚ кеңсесіне барудың қажеті жоқ. ЕЗЖ есепке алынатын ЖЗШ алғашқы жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. ЕЗЖ есепке алынатын ЖЗШ ашу өтінішсіз тәртіппен мынадай негізде жүзеге асырылады:

— БЖЗҚ-ға агенттер ЕЗЖ аудару кезінде ұсынатын жеке тұлғалардың тізімдері;

— жеке тұлғадан өз пайдасына немесе үшінші тұлғаның пайдасына ЕЗЖ аудару кезінде БЖЗҚ-ға түскен бастапқы жарна.

Пайдасына зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлғаны сәйкестендіру ЕЗЖ аудару кезіндегі төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер (ТАӘ, ЖСН, туған күні) арқылы жүзеге асырылады. БЖЗҚ жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжаттың деректемелері, тұрақты тұратын жері туралы барлық қажетті мәліметтерді және өзге де мәліметтерді мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен алады.

 

 

 

1. Расскажите, пожалуйста, как, куда и когда необходимо обращаться для оформления пенсии?

Алдыңғы

1. Что такое добровольные пенсионные взносы? Как правильно их перечислять?

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *