Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ПЫСЫҚТАЛДЫ

0
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында спорт саласын дамыту міндетін жүктеді. Әсіресе, балалардың спортпен айналысуына жағдай жасау қажет екенін айтты.
✔️Осы бағытта Түркістан облысының Сайрам ауданында спорт инфрақұрылымын жақсартуға көңіл бөлініп келеді. Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Сайрам ауданына қарасты Манкент ауылында 2023 жылы іске қосылған «OZGE» спорт кешеніне арнайы барды. Аталған нысан жеке кәсіпкер тарапынан салынып, 450 млн. теңге инвестиция тартқан. Спорт кешенінде күрес, волейбол, баскетбол, кіші футбол, гимнастика, жүзу, бокс және үстел теннисі сияқты спорт түріне баулуға барлық жағдай жасалған. Қажетті спорттық құралдармен толық жабдықталған. 351 адам аталған спорт түрлерімен айналысады.
✔️Манкент ауылдық округінде жаңа типтік үлгідегі үш тілде оқытылатын 1200 орындық Әл-Фараби жалпы орта жекеменшік мектебі орналасқан. Жекеменшік мектеп 2022 жылы жеке кәсіпкер Низамхан Сулайманов тарапынан салынған. Қазіргі таңда білім ордасында қазақ, орыс және өзбек тілдерінде білім береді. Аталған білім нысанына табан тіреген облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев мектеп басшылығы және ұстаздармен кездесті.
✔️Сонымен қатар Ақсу ауылындағы «Рахмет» медиа-студиясына барып, жұмысымен танысты. Облыс әкімінің орынбасары медиа-студияны жаңа деңгейге көтеру, рухани бағытта жаңа жобалар әзірлеу керектігін жеткізді.
✔️Одан соң, аудандағы діни саланың жағдайын талқылау мақсатында «Дәулет баба» мешітінде дін саласының қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында діни қызметкерлер өзекті сауалдарын қойды және аудан аумағындағы діни жұмыстар жөнінде пікір алмасты.
✔️Облыс әкімінің орынбасары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасы аясында құрылысы жүріп жатқан білім ұясында болды. Жауаптылармен және мердігермен кездескен Ертай Алтаев маңызды құрылыстың сапалы жүргізілуі облыс әкімінің қатаң бақылауында екендігін айтып, жұмысты мерзімінде аяқтауды тапсырды. 600 орындық мектептің құрылысы 2023 жылы басталған. Білім ошағы осы жылдың мамыр айында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДАҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ, МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ САРАПТАЛДЫ

Алдыңғы

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ЖЕТІСАЙДАҒЫ БІЛІМ, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, СУ НЫСАНДАРЫН АРАЛАП, МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ТАНЫСТЫ

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *