Басты ақпарат

ORDABASY : ПОЛИГОНДАРДЫ СЕНІМГЕРЛІК БАСҚАРУҒА БЕРУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

0
🔸 Аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен аудандағы қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигондар бойынша жиын өтті.
🔸 Жиынға әкімнің салаға жауапты орынбасары, дербес бөлім басшылары, ауыл округтердің әкімдері, мердігер мекемелердің өкілдері қатысты.
🔸Қазіргі таңда аудан көлемінде 57 елді мекеннің 22-сінде ТҚҚ тасымалымен мердігер мекемелер айналысуда. Қалғандарында ТҚҚ тиісті әкімшіліктердің ұйымдастыруымен тасымалдануда.
🔸 Жалпы, аудан бойынша қатты қалдықтарға арналған полигон орындары үшін 7 жер телімі заңдастырылған. Алайда олардың бірқатары тұрғындардың наразылығына, тиісті құжаттардың толық рәсімделмеуіне, құрылыс жұмыстарының толыққанды жүргізілмеуіне байланысты іске қосылмаған.
🔸 Өз кезегінде аудан басшысы полигондарды қосуға қажетті құжаттарды созбалаңға салмай, тездетіп заңдастыруды, рәсімдеуді, сондай-ақ жауапты мамандарға абоненттерді түгендеуді, ТҚҚ-ды тазалау бойынша сапалы кесте түзуді, мердігерлер тарапынан арнайы қоқыс жәшіктерін қоюды қарастыруды, полигондарды сенімгерлік басқаруға беру процесін жылдамдатуды қатаң тапсырды.
🔘 Аудан әкімінің баспасөз қызметі

АЗАТ ОРАЛБАЕВ: “ХАЛЫҚТЫҢ СЕНІМІ МАҢЫЗДЫ”

Алдыңғы

АЗАТ ОРАЛБАЕВ: “ВЕТЕРИНАРИЯ-САЛҒЫРТТЫҚТЫ КӨТЕРМЕЙТІН САЛА”

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *