Басты ақпарат

ORDABASY: ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

0

🔹 Аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен инвестициялық штабтың отырысы өтті.
🔹 Жиынға аудан аумағында еңбек етіп келетін бірқатар ірі және орта кәсіп иелері (инвесторлар), тиісті бөлім басшылары мен мамандары қатысты.
🔹 Ауданның дамуына өз үлестерін қосып жүрген кәсіп иелері 2024 жылы ауданда жүзеге асырылатын жобаларға байланысты жұмыстары мен жоспарларын, мәселелерін ортаға салды. Өз кезегінде аудан әкімі Азат Әбдіғалиұлы аудан аумағында жүзеге асырылатын әрбір инвестициялық жобаның аудан үшін әлеуметтік әрі экономикалық тұрғыда маңызы зор екенін айтып, жобаларға қолдау көрсетуге, оның ішінде инфрақұрылым мәселесін шешуге жан-жақты қолдау көрсетілетіндігін айтты.
🔹 Одан бөлек Шұбар е/м аумағынан, Батыс Қытай-Батыс Еуропа автодәлізіне жақын жерден шағын өндірістік жобаларды жүзеге асыру үшін арнайы жер учаскесі қаралап отыр. Ол жерге қазірге 10-ға тарта адам кәсіп бастауға ниет білдіріп отыр.

🔘 Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

АЗАТ ОРАЛБАЕВ: “ЖҰМЫСТЫҢ БАСТЫ КӨРСЕТКІШІ — ХАЛЫҚТЫҢ СЕНІМІНДЕ”

Алдыңғы

АЗАТ ОРАЛБАЕВ: “ШҰБАРСУДЫҢ ПОТЕНЦИАЛЫ ЖОҒАРЫ”

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *