Ақпарат ағыныБасты ақпарат

Ордабасы ауданының суармалы жерлерін дамыту: мол өнімнің кепілі

0

Ордабасы ауданының ауыл шаруашылығы өнімділігін арттырудың басты факторларының бірі – егістік жерлерді тиімді суарумен қамтамасыз ету. Ауданның егістік жерлерінің 34,4 мың гектары суармалы жер санатына жатады, бұл мол өнім алу мен ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына мүмкіндік береді.

2025 жылы аудан көлемінде бірқатар күрделі жобалар жүзеге асырылды. Жобалардың жалпы құны 9,5 млрд теңге болатын 9 каналға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, олардың ішінде ЛБК және Р-11-С каналдарының құрылысы аяқталды, ал «Қараспан» магистралды каналы аяқталуға жақын. Сонымен қатар, 17,7 млрд теңге құны бар жобаларға арналған каналдар үшін жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленіп, қаржыландыруға ұсынылды.

Каналдарға механикалық тазалау жұмыстары да жүзеге асырылды: 2025 жылдың көктем және күз айларында 51 каналдың 132 шақырымы тазаланды. Бұл суаруды жақсартуға және судың үнемді пайдаланылуына мүмкіндік берді.

Су үнемдеу технологияларының енгізілуі де мол өнім алуда маңызды рөл атқарды. 2030 жылға дейін 15 891 гектар жерге су үнемдеу жүйелерін енгізу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда ауданда 6 925 гектар жерге су үнемдеу жүйелері енгізілген, оның ішінде 1 395 гектар тамшылатып, 200 гектар жабырлатып суғарылды. Мысалы, Жеңіс ауыл округіндегі «ПК Дала» АӨК 650 гектар жерге мақта дақылын тамшылатып суғару арқылы гектарына 45 центнерден өнім алды.

Суармалы жерлерді дамыту тек суды үнемдеуге ғана емес, сонымен қатар өнім сапасы мен көлемін арттыруға да мүмкіндік береді. Ордабасы ауданының бұл бағыттағы жұмыстары ауылшаруашылық өнімдерінің тұрақтылығы мен экономикалық тиімділігін арттыруға елеулі үлес қосуда.

Болашақта ауданның суармалы жерлерін жетілдіру жұмыстары жалғасып, заманауи технологияларды қолдану арқылы ауыл шаруашылығының тиімділігін одан әрі арттыру жоспарлануда.

Ордабасы ауданының жалпы ауылшаруашылық жер көлемі 216,3 мың гектар болса, оның 88,1 мың гектары егістік жерлерге арналған.

Алдыңғы

Мал шаруашылығын дамытуда заманауи технологиялар мен азықтандыру жүйелері маңызды рөл атқарады.

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *