Басты ақпарат

Ордабасы ауданының егін шаруашылығындағы жетістіктер

0

Ордабасы ауданының ауыл шаруашылығының негізгі салаларының бірі – егін шаруашылығы. 2025 жылы аудан көлемінде 71,2 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Бұл дақылдардың құрамында масақты дақылдар, дәнді жүгері, көкөніс, картоп, майлы дақылдар, мақта, бақша және мал азықтық дақылдар бар.

Атап айтқанда, масақты дақылдар – 30,1 мың га, дәнді жүгері – 7 мың га, көкөніс – 3,5 мың га, картоп – 357 га, майлы дақылдар – 5,4 мың га, мақта – 7,2 мың га, бақша – 1,5 мың га, мал азықтық дақылдар – 16,1 мың га. Аталған дақылдардан жалпы 391,8 мың тонна өнім жиналды. Өнімдердің ішінде масақты дақылдар – 41,3 мың тонна, көкөніс – 91,1 мың тонна, картоп – 7,4 мың тонна, майлы дақылдар – 4,5 мың тонна, бақша – 35,3 мың тонна, жүгері – 76,7 мың тонна, мақта – 22,5 мың тонна, мал азықтық дақылдар – 112,7 мың тонна болды.

Ауданның егістік алқаптарын ағын сумен қамтамасыз ету үшін 9 каналға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, механикалық тазалау жұмыстары да іске асырылды. 2025 жылы 51 каналдың 132 шақырымы тазаланған, бұл суармалы жерлердің тиімділігін арттырады. Сонымен қатар, 73 шаруа қожалығы 1 595 гектар жерге су үнемдеу технологияларын енгізді. Оның ішінде 1 395 гектар жер тамшылатып суғару жүйесімен, 200 гектар жабырлатып суғару жүйесімен қамтамасыз етілді.

Ордабасы ауданының егін шаруашылығын дамытудағы басты мақсаты – өнім көлемін арттыру және сапасын жақсарту. Суармалы жерлерді тиімді пайдалану, заманауи технологияларды енгізу және тыңайтқыштарды дұрыс қолдану өнімділіктің өсуіне айтарлықтай әсер етті.

Қорытындылай келе, Ордабасы ауданының егін шаруашылығында қол жеткізілген көрсеткіштер ауыл шаруашылығы өнімінің сапасы мен көлемін арттыруға, ауыл тұрғындарының табысын көбейтуге және аудан экономикасын дамытуға негіз болып отыр. Ауыл шаруашылығын дамытудағы жүйелі жұмыстар болашақта да өнімділіктің жоғары деңгейін сақтауға мүмкіндік береді.

Ордабасы ауданында «Ауыл аманаты» бағдарламасы: тұрғындардың әл-ауқатын арттырудағы жаңа мүмкіндіктер

Алдыңғы

Ордабасы ауданында ауылшаруашылығы техникасын жаңарту арқылы тиімділік пен өнімділікті арттыруда

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *